ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ОБЛЫСТА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАРАЖАТТЫҢ 65 МЛН ТЕҢГЕСІ ИГЕРІЛМЕГЕН

20:40, 17 қыркүйек 2021

Өңірде инвестициялық қаражаттың 65 млн теңгесі игерілмеген.   Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері заң бұзушылықты 10 нысанда анықтады. Мамандар «Севказэнерго» АҚ-ның  инвестициялық бағдарламасының  жүзеге асырылуын және жұмысына мониторинг жүргізді.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамы 5 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырып жатыр. Биыл кәсіпорынға 837 млн теңге қаржы құйылды. Бұл сомаға Петропавл 2-ші жылу электр орталығындағы қазандықтар мен өзге де құрылғыларды жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ЕРЖАН ҚОҢЫРБАЕВ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ПЕТРОПАВЛ 2-ЖЭО ДИРЕКТОРЫ:

- Биыл станциямызға - 60 жыл. Қазіргі күні жасы 40-50 ден асқан қондырғылар бар. Солардың барлығын қайта жаңғырту керек. Шаруа жоспар бойынша атқарылып жатыр. Үлкен мекеме болғандықтан барлығын бір мезетте жасау мүмкін емес.

Бүгін жылу электр орталығына Елордадан табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері келді. Шара барысында мамандар аталған ұйымда бір жыл ішінде атқарылған жұмыстарды бағамдап, қаржының дұрыс игерілуіне көз жеткізді. Осы орайда айта кетейік, былтыр облыстағы 4 табиғи монополия субъектісіне жүктелген міндетті дұрыс орындамағаны үшін уақытша өтемдік тариф бекітілген.

Дамир Тоқтамысов, ҚР ҰЭМ ТМРК жылу энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының басшысы:

- 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы жылу энергетикасының 17 табиғи монополия субьектісінің есебін қарап, 4 ұйымға уақытша өтемдік тариф бекітілген. Яғни, өздірінің міндеттемесін орындамағаны үшін бекітілген тарифті төмендету арқылы негізсіз алған қаражат тұтынушыларға кері қайтарылады.

Жалпы, «СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамы 2025 жылға дейін инвестициялық бағдарлама аясында жылу электр орталығын жаңғырту жұмыстарына 7 млрд теңгеден астам қаржы жұмсамақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭНЕРГИЯ ӨНДІРЕТІН ЖӘНЕ БЕРУШІ ҰЙЫМДАРҒА ҚЫСҚА ӘЗІРЛІК ПАСПОРТЫ БЕРІЛДІ
17:22, 15 қазан 2021
ЭНЕРГИЯ ӨНДІРЕТІН ЖӘНЕ БЕРУШІ ҰЙЫМДАРҒА ҚЫСҚА ӘЗІРЛІК ПАСПОР...
Толығырақ...
ОНЛАЙН САНАҚТАН 170 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨТТІ
17:19, 15 қазан 2021
ОНЛАЙН САНАҚТАН 170 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨТТІ
Толығырақ...
«ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ - ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ»
20:42, 14 қазан 2021
«ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ - ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...