ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

17:24, 10 қаңтар 2022

2022 жылдың 5-19 қаңтар күндері аралығында Қазақстанның бүкіл аумағында Төтенше жағдай режимі жарияланды. Ал бүгін елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде көптеген адамның қаза болуына байланысты Жалпұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Облыс әкімі  өңірдегі ахуалға қатысты ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында қайтыс болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ :

- «Бүгін елімізде жалпыұлттық Аза тұту күні. Қайтыс болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Қазір облыста ахуал тұрақты. Өңірде осы күндері зардап шеккендер болған жоқ. Мүлікке зиян келген жоқ. Жағдайға түсіністікпен қараған облыс тұрғындарына алғыс айтамын.

Өңір жетекшісі сонымен қатар облыс аумағында бекеттер қойылғанын, мемлекеттік органдар мен маңызды нысандар штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтты. Құмар Іргебайұлы сондай-ақ облыста газ бағасының елде ең қымбат деген ақпараттың жалған екенін де тілге тиек етті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ :

- «Біздің облыста газ бағасы елде ең қымбат деген қате ақпарат тарауда. Монополияға қарсы агенттік тексерді.  СҚО, Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды және  Павлодар облыстарында баға бірдей. Осы күндері еліміз бойынша интернет белгілі бір уақытқа ғана беріліп тұрды. Күн сайын оның уақыты ұзартылатын болады.»

Облыста банкоматтарға ақша салынып, халық банктің бөлімшелері өз жұмысын бастап кетті. Банктерге күзет күшейтілген. Жалпы облысымызда маңызды стратегиялық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері  күшейтілген қорғауға алынған. Комендант, полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтың айтуынша қазіргі уақытта облыста жағдай тұрақты, бақылауға алынған.  

МАРАТ ТӨЛЕБАЕВ, СҚО КОМЕНДАНТЫ:

- «Петропавл қаласы маңына 5 ал облыс аудандарына 20 блок бекет қойылды. Барлық көліктер тексеруден өткізілІП, КІРГІзіліп жатыр.  Блок бекеттер қойылғалы бері 17 мыңға жуық автокөлік тексерістен өтті. 450-ден астам көлік кері қайтыралды. Темір жол байланыстары да полицияның желілік бөлімімен бақылауға алынған. Жалға берілген пәтерлер де тексеріліп жатыр».

Марат Төлебаевтың айтуынша,  Төтенше жағдай кезеңінде полиция органдарына  255 азамат жеткізілген. Оның ішінде төтенше жағдайды бұзғандар саны 72 адам. Төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат тәртібін бұзған 34 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз митингке қатысқан 16 адам жазаланды. ТЖ кезінде алкогольдік сусындар сатуға тыйым салынғанымен талапты бұзудың 4 фактісі анықталды.

МАРАТ ТӨЛЕБАЕВ, СҚО КОМЕНДАНТЫ:

- «5 қаңтар күні 121 адам ұсталып жеткізілді. Олардың барлығы облысымыздың тұрғындары. 20-30 жас аралығындағы ер азаматтар. Шал ақын, Есіл және Қызылжар ауданының тұрғындары.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Үндеуінде жағдай тұрақты  өңірлерде төтенше жағдай кезең-кезеңімен алынады деп айтты. Біздің облыс бірінші кезекте қалыпты  жағдайға көшуі мүмкін.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АСПАЛЫ КРАНДЫ БАҒЫНДЫРҒАН 59 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ
20:44, 24 қаңтар 2022
АСПАЛЫ КРАНДЫ БАҒЫНДЫРҒАН 59 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ
Толығырақ...
ЕҢ ТӨМЕНГІ ЕҢБЕКАҚЫ 60 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
17:21, 24 қаңтар 2022
ЕҢ ТӨМЕНГІ ЕҢБЕКАҚЫ 60 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...