ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

17:15, 8 маусым 2022

Университеттің жатақханасына бөлінген қаражат уақытылы игерілмей қалған. Бұл жайында 2021 жылғы өңір бюджетінің атқарылуын талқылаған облыстық мәслихаттың кезектен тыс 17-ші сессиясында сөз болды.

 Өткен жылы өңір қазынасы республикалық қаражат есебінен 278 млрд теңгемен толыққан. Сөйтіп, жалпы облыстық бюджет - 387 млрд теңгені құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 25 пайызға көп. Ал тапқан табыс 35 млрд теңге. Жалпы алғанда барлық көрсеткіштер орындалғанымен ведомство басшысының айтуынша игерілмей қалған ақша бар.

НАТАЛЬЯ ДЫШКАНТ, СҚО ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Игерілмей қалған қаржы көлемі 1,3 млрд теңгені құрады. Ол құрылыс саласына қатысты. Яғни, университет студенттеріне арналған әрқайсысы 600 орындық қос жатақханаға бөлінген ақша игерілмеді.

Жиында сөз алған облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Тілеген Каскин қазына қаржысын игеруде бірқатар олқылықтар болғанын тілге тиек етті. Оны жасалған аудиторлық тексерістер көрсетіп отыр. Өткен жылы мекеме  55 нысанның жұмысын бақылауға алған. Нәтижесі көңіл көншітпейді. Негізінен қателіктер мемлекеттік сатып алулар кезінде жасалады екен. Тағы бюджет қаржысы тиімді пайдаланылмайды. Мұндай жағдайлар жиі тіркеледі. Сондықтан ведомства өкілдері ең алдымен жоспарлап алуға кеңес берді.

ТІЛЕГЕН ҚАСКИН, СҚО ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Қаражат ең алдымен нақты басымдық берілген тұстарға бөлінуі тиіс. Сонда ғана, барлық жоспарланған шаруа уақытылы аяқталып, қаржы жетіспеушілігі, не керісінше игерілмей қалу фактілері болмайды. Бюджет қаржысын жұмсауда тиімділікті арттыра түсу үшін біздер бірлесіп жұмыс атқаруға дайынбыз. 

 Соған қарамастан бюджеттің орындалуы бойынша оқылған баяндаманы депутаттар бірауыздан қолдады. Сессияда сондай-ақ  халықты әлеуметтік қорғау, жер мәселелеріне қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар