Бүгін СҚО мәслихатының жетінші шақырылымының тұрақты комиссиясының алғашқы отырысы өтті. Жиын басталмас бұрын облыстық мәслихат хатшысы Владимир Бубенко комиссия төрағасы мен құрамын таныстырды.
Депутаттық өкілеттілік, азаматтардың құқықтары, қоғамдық ұйымдармен және БАҚ-ның байланыс мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болып Біржан Жалғасбаев сайланды. Отырысқа ауданнан және қаладан комиссия мүшелері онлайн қатысты. Жиын барысында комиссия құрамы ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын қарастырып, қызмет салалары бойынша көрсетілген басымдықтарды талқылады. Сонымен қатар комиссияның ұйымдастыру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Азаматтардың құқықтарын қорғау мен аймақта мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын бақылау бұл комиссияның ауқымды түрде қарастыратын мәселелері болып табылады.
БІРЖАН ЖАЛҒАСБАЕВ, СҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Сонымен қатар халықтың алдында көтерілген мәселелер кеше. Халық қандай мәселелрдіе көтерді елді-мекенде, қалада, аудандарда. Соның бәрін жұмыс жоспарына кіргізіп, сол атқарылатын жұмысты қадағалау жұмыстарын нақтылайтын боламыз. Әр кварталға бөліп қарастырамыз.