ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖАС МАМАНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

17:21, 15 қыркүйек 2021

Облыстық психикалық денсаулық орталығы араға 10 жыл салып, алғаш рет жас мамандармен толықты. Биыл емдеу мекемесіне 5 бірдей маман келіп отыр. Көптен күткен әріптестерін ұжым салтанатты түрде қарсы алып, көтерме ақы табыстады. 

Еркін Масабаев Қостанай облысының тумасы, Қарағанды  медицина университетін дәрігер-психиатр мамандығы бойынша тәмамдаған. Дәрігер мамандығы оны бала кезден қызықтырған, сол себепті мектепті бітірісімен бірден медицина саласын таңдайды. Енді  9 жыл бойы жинаған білімі мен қабілетін жергілікті психикалық денсаулық орталығында қолданбақ.  

ЕРКІН МАСАБАЕВ, ЖАС МАМАН:

Биыл облыстық психикалық денсаулық орталығы 5 бірдей жас маманмен толықты. Соңғы рет жас мамандар мұнда 10  жыл бұрын келген еді. Бас дәрігердің айтуынша, облыс көтерме ақы беріп, оның көлемін ұлғайтуына байланысты, өңірде дәрігер жетіспеушілігі мәселесі біртіндеп шешіледі. Оған қоса, мекеме де жас мамандарды қолдап, әрқайсысына  бір млн теңгенің сертификатын табыстады.

Орталыққа келген мамандардың арасында ересек және балалардың   психиатр дәрігерлері, наркологтар бар.

ДӘУРЕНБЕК БЕЙСЕМБАЕВ, ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

- Жас дәрігерлердің келуімен ұжымымыз 95 процентке жасақталды. Келген дәрігерлер Степногордың, Қостанай, Павлодар облыстарының  және Айыртау ауданының тумалары.  Әуелі 2 жылдай оларға тәжірибелі дәрігерлер жетекшілік етеді. Ал берілген көтерме ақы жас мамандардың баспаналы болуына көмектесіп, осы жерде тұрақтап қалуға септеседі.

Қаржылай қолдаудың арқасында орталық алдағы жылы да білікті кадрларды өздеріне тартпақшы.      

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
17:18, 24 қыркүйек 2021
СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
20:46, 23 қыркүйек 2021
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...