«Петропавл балық тәлімбағы» кәсіпорны Сергеев және Петропавл су қоймаларына СИГ балықтарының дернәсілдерін жібермек. Мемлекеттік тапсырыс аясында жоспар бойынша биыл облыстың өзен-көлдері 35 млн 500-ден астам балықпен толығуы қажет. Ал былтыр суқоймаларға балықтың 44 млннан астам дернәсілдері жіберліген.
«Петропавл балық тәлімбағыі» кәсіпорынының мамандары сиг балықтарының дернәсілдерін өткен жылдың қараша айынан бастап өсірген. Мәселен мынадай 10 литрлік шарада 100 мыңға жуық дернәсіл болуы мүмкін.
АНАСТАСИЯ МОЛОТКОВА, "ПЕТРОПАВЛ БАЛЫҚ ТӘЛІМБАҒЫ" РМҚК ИНКУБАЦИЯЛЫҚ ЦЕХЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
- Қазір біз дернәсілдерді есептейміз. Мына 10 литрлік шарада қанша дернәсіл барын анықтау үшін біз математикалық әдіс тәсілдерді қолданамыз. Ең алдымен 100 мл сынама аламыз. Мына ыдысқа дернәсілдерді жинаймыз да арнайы шыны табаққа құйамыз. Мұны енді комиссия мүшелері санап, әрқайсысында шамамен 100-200-ге жуық дернәсіл болуы мүмкін. Сонда орташа есеппен 10 литрлік шарада 100 мыңға жуық болады.
6 ай бойы сиг балықтың дернәсілі инкубациялық цехтегі бассейндерде және арнайы аппаратта өсірілді. Олар өліп қалмауы үшін цехтың іші 1 градус жылы болса, судың температурасы+ 6-7 градустан төмендемеуі тиіс. Комиссия мүшелері Дернәсілдерді санап болған соң, микроскоп арқылы олардың белсенділігін анықтайды.
МАРАТ ЕСІМСЕЙІТОВ, «ЕСІЛ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫ» РММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Дернәсілдердің күйі жақсы, көлемдері сәйкес келеді, енді олар көлікпен тасымалданады. Дернәсілдер міндетті түрде үш сағат ішінде су қоймаларына жіберілуі керек, өйткені оларды тасымалдау кезінде ұзақ уақыт сақтауға болмайды.
«Петропавл балық тәлімбағы» мамандары бүгін Сергеев суқоймасына сиг балықтардың 30 млн дернәсілі, ал Петропавл суқоймасына ертен 5 млн 500 дана жібеірлмек.
Айгерім Құсайынова