Облыста санитар дәрігерлер тексерген ойыншықтардың құрамынан бала денсаулығына зиянды заттар табылды.
Мамандар жыл басынан бері 82 ойыншық сынамасына сараптама жасаған. Оның 61 пайызы талапқа сай болмай шықты. Басым бөлігін таңбалау дұрыс жүргізілмеген. Ойыншықтардың 14 пайызы санитариялық-химилялық талаптарға сәйкес келмеген. Өнім қауіпсіздігі мониторингінің қорытындысы бойынша сапасыз ойыншықтарды сатушыларға заңбұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді. Ал тауардың басым бөлігі Қытайдан әкелінген екен.
ӘДІЛ ҚОРҒАНБАЕВ, САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Оның ішінде көбінесе фенол, бензол, формальдегид секілді оның қауіпсіздігіне сәйкес келмейтін зиянды заттар табылды. Мысалы формальдегидті алар болсақ, аллергиялық реакцияларға әкелуі мүмкін.