ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

13:04, 22 шілде 2022

Өткен аптаның басында жидек теруге барып, оққа ұшқан әйелдің оқиғасы жұртты дүрліктірген еді. Бауман ауылының 51 жастағы тұрғынының өліміне қатысты оның 65 жастағы ауылдасы оқ атты деп күдікке ілінген болатын. Оған «абайсызда адам өлтіру», «атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, ұстау, өткізу» баптары бойынша айып тағылды. Аң аулауға шығып, адам мен аңды шатастырып алдым деп ақталған еді. Ал оқ тиген әйел аудандық ауруханаға жетпей , қансырап көз жұмды. Осы оқиғадан кейін тұрғындар зейнеткерден басқа бұл іске полицияның учаскелік инспекторының да қатысы бар деп шу шығарды.

Кейін анықталғандай, полиция қызметкері жұмыстан шығарылды. Облыстық прокуратураның хабарлауынша бұл іске қатысы бар деп жергілікті полиция қызметінің бұрынғы учаскелік иснпекторы қамауға алынды. Ол  «қылмыстық құқық бұзушылық жасады» деген күдік бойынша, яғни қызмет бойынша әрекетсіздік жасады деп айыпталған. «Күдіктінің полиция қызметкері бола отырып, қылмыс жасаған, яғни абайсызда адам өлтірген адамның жанында бола отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі өзінің лауазымдық міндеттерінің аясына кіретін іс-әрекеттер жасамағаны алдын ала анықталды», - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында. Қазіргі кезде жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу барысын облыс прокуратурасы бақылауда ұстап отыр.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР МЕН БИЗНЕС АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
13:00, 22 шілде 2022
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР МЕН БИЗНЕС АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар