ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ӨМІР БОЙЫНА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙРЫЛДЫ

17:22, 22 шілде 2021

СҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Петропавлда туыстарын пышақтап тастаған алматылық  жігітке қатысты үкім шығарды. Наурыз айында Петропавлда болған қанды оқиға халықты дүр сілкіндірген еді. 48 және 89 жастағы екі әйелді өлтіріп, ер адамды ауыр жаралаған 30 жастағы Бекболат Ғабдуллин сот үкімімен өмір бойы бас бостандығынан айрылды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес алматылық 30 жастағы Бекболат Ғабдуллин  наурыздың 9-ы Нұр-Сұлтан қаласынан Петропавлға  туыстарының үйіне қонаққа келеді. Ер адам еш жерде жұмыс істемейді, құмар ойынға салынып, қарызға белшеден батқан екен. Ауқатты туыстарын көріп, оларды тонамақ болған. Осылайша 2 әйелді өлтіріп, 1 ер адамды ауыр жаралап және тағы 2 адамды өлтірмекші болған.

СЕРГЕЙ ВИКТОРЕНКО, СҚО ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ:

- Жәбірленуші Алпысбаевтардың айтуынша сотталушы үйдің ішін аралап, құрылысқа қанша қаржы кеткенін және құңды заттардың қай жерде сақталғанын сұрастырған. Осыдан оның байлыққа қызығып, туыстарын тонамақ болған пиғылы байқалады. Оның үстіне үй иелеріне пышақпен шабуыл жасағанда маған ақша керек деп айқайлаған.

Наурыздың 10-ы Ғабдуллин үйдің ішін, айналасын қарап шығып, бәрі ұйқыға кеткенін күтіп,  қаланың дәмханаларының біріне барып, спирттік ішімдікке сылқия тойып алады. Түнгі екілерден кейін, үйге қайта келіп, немере інісін темекі шегейік деген сылтаумен шақырып алып, арқасына бірнеше рет пышақ тығады. Жаралы Алпыспаев көмек шақыру үшін  екінші қабатқа әжесінің бөлмесіне жүгіреді. Ондағы телефон арқылы қарама-қарсы тұратын туыстарына телефон соғып, есінен танып қалады. Ғабдуллин оның артынан жүгіріп кіріп, ұйқыдағы қарияны да  бірнеше рет пышақтайды. Дәл осындай қатыгездікпен 48 жастағы тәтесіне де пышақ сұғып, өлтіреді.

СЕРГЕЙ ВИКТОРЕНКО, СҚО ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ:

- Сотталушының жасаған қылмысы өте ауыр болғандықтан сот оны қоғам үшін қауіпті деп танып отыр. Сол себепті ҚР Қылмыстық Кодексінің 99шы бабының 1,3,8 тармақтарына сәйкес сонымен қатар 46 баптың 5-ші бөлім 4 тармағына сәйкес Ғабдуллин өмір бойына бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Мұнымен қоса, сотталғаннан жәбірленушілердің пайдасына 14,8 млн теңгеден астам материалдық және моральдық шығын өндірілді.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
20:40, 4 тамыз 2021
ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
Толығырақ...
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
17:15, 4 тамыз 2021
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...