ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ӨНЕРЛІ ӨРДЕ ОЗАР

20:45, 18 мамыр 2022

Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі - өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінде колледжінің білім алушысы Жан Өмірзақтың жеке концерті өтті. Бұл колледже  пандемиядан кейінгі өткізіліп жатқан студенттердің алғашқы жеке концерті.

 Бойжеткен Жан Өмірзақ  өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатында 5 сыныптан бастап оқиды. Сол күннен бастап қобыз аспабын меңгеріп, бүгінде колледж түлегі атанып отыр. Жылдар бойы ұстаздарынан үйренген өнерін өзінің  жеке концертімен көрсетті.

 ЖАН ӨМІРЗАҚ, Е. СЕРКЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ - ӨНЕРДЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ КЕШЕНІНІҢ СТУДЕНТІ:

- Бүгін өзімнің алғашқы жеке концертімді беріп жатырмын. Осы қобыз аспабында 5 сыныптан ойнап келе жатырмын. Бұл қобыз аспабы басқаларынан қарағанда жүрегіме жақын болғандықтан, осы аспапты таңдадым. Қобыз аспабында біз тек қана классикалық емес, заманауи да шығармаларды орындауға болады. Бүгінгі концертте мен қазақ композиторларының және де шетел композиторларының шығармаларын орындаймын.

 Жас қобызшы қыз көптеген республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, жүлдегер атанған. Сондай байқаулардың бірі осы жылдың сәуір айында Алматы қаласында болды. Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның ұйымдастыруымен өткен байқауда екінші орынды иеленген.

ҚАЙЫРЛЫ ҒАФУРОВ, Е. СЕРКЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ - ӨНЕРДЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ КЕШЕНІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

 Биылғы оқу жылында жылына бір рет тағайындалатын студенттердің арасында бірінші Президенттің Ұлттық қорының стипендиясы болады. Сол байқауға қатысып, жеңімпаз атанып, сол стипендияның иегері атанды. Бұл да енді үлкен жетістігі. Енді айтатын болсақ, Жан өзінің еңбекқорлығымен, жақсы талантымен, жақсы жетістіктер көрсетіп жүрген үлгілі шәкірттерімізідң бірі.

 Жан өнерлі отбасында өскен қыз. Ата-анасының айтуынша, бала кезінен музыканы жақсы көреді. Отбасылық үрдісті жалғастырып, қазақ еліне танымал музыкант болуды мақсат еткен.

 СПАРТАК РАМАЗАНОВ, Ж. ӨМІРЗАҚТЫҢ ӘКЕСІ:

- Қазақта сөз барғой «әке көрген оқ жанар, шеше көрген том пішер» дейді. Содан жұққан болар, тек қана біз емес, бүкіл ата тегіміз де өнерге жақын.  Ең алдымен сол, қанға сіңген деп ойлаймын. Содан кйеін енді кішкентайынан өнер жанұясында өскеннен кейін, міндетті түрде өнерге жақын болуы ол әбден орынды. Билеуден, ән айтудан басталды. Содан кейін өзі таңдау жасады. Қобыз аспабымен ойнауды. Соны үйренем, соны меңгерем деп.

Өнер колледжін аяқтаған соң кейіпкеріміз білімін әрі қара шыңдап,  Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясына оқуға түсуді жоспарлап отыр.

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...