ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 17 % ХАЛЫҚ САНАҒЫНА ОНЛАЙН ҚАТЫСЫП ҮЛГЕРДІ

20:40, 16 қыркүйек 2021

Қазақстан Тәуелсіздігін алғалы 3 рет халық санағын өткізіп жатыр. Өңір тұрғындарының 17 проценті онлайн жүйені қолдана отырып,  науқанға қатысып үлгерді. Бұл ауқымды шара  халықтың нақты санын, жас, жыныстық құрамын, урбанизация дәрежесін анықтау үшін жүргізіледі. Оның нәтижесі бойынша, елімізде тиісті іс-шаралар қолға алынады.   

Облыстық әкімдікте өткен жиын тағайындаулардан басталды. Облыс әкімінің өкімімен   Бақытжан Бекіш жер инспекциясының басшысы болып тағайындалды, ал  экономика басқармасының басшысы қызметін   Қуаныш Қалижанов  атқаратын болады. 

1 қыркүйектен бастап, елімізде  ұлттық халық санағының екінші кезеңі басталды.   Тұрғындар үйге интервьюерлердің келуін күтпей ақ, санаққа онлайн қатыса алады. Ол үшін sanaqgov/kz,  egov.kc сайттарын, және  aitu қосымшасын  қолдануға болады.      

МАРАЛ НҰРЖАУЫПОВА, СҚО СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Онлайн санақтан облыстың 92561 немесе 17,1 процент тұрғыны өтті. Әсіресе Уалиханов, Мамлют және Ақжар аудандарының тұрғындары белсенді.  1 қазаннан 30-на дейін  интервьюерлер үй-үйді аралайтын болады.   Әр қайсысында қызметтік куәлік,  планшет,  көк портфель мен санақтың логотипі бар көк шарф болады. 

Облыста халық санағын өткізу үшін 700-ге жуық адам жұмысқа тартылған.  Олардың әрқайсысы кем дегенде 803 адамды қамтуы қажет. Оларға 104 мың теңге жалақы төленеді.    

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ұлттық халық санағын өткізуге біз техникалық жағынан да, қаржылай жағынан да дайынбыз.  Пандемия кезінде, тұрғындарды науқанға онлайн жүйені қолдана отырып қатысуға шақырамыз.  Науқынның маңыздылығы туралы да айтып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Халық санағының нәтижесінде әлеуметтік бағдарламалар құрылып, маңызды шешімдер қабылданады.

Петропавлдың  Достық мол, сити мол, рахмет сауда үйлеріндегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайы  санақ жөнінде нұсқаушылық участкелері  құрылған. Халық санағы науқанына қатысты сұрақтары бар азаматтар осында жүгіне алады.   

 

Тақырып бойынша материалдар

КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛЫП КЕЛЕДІ
17:18, 28 қазан 2021
КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛЫП КЕЛЕ...
Толығырақ...
КӨЛІКТІК ИНСПЕКЦИЯ БИЫЛ 6 МЛН ТЕҢГЕНІҢ АЙЫППҰЛЫН САЛДЫ
13:02, 28 қазан 2021
КӨЛІКТІК ИНСПЕКЦИЯ БИЫЛ 6 МЛН ТЕҢГЕНІҢ АЙЫППҰЛЫН САЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...