ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ӨҢІР ЖЕТЕКШІСІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

13:01, 21 қыркүйек 2021

Ауылдық жерлерде рейстік автобус, фельдшерлік-акушерлік пункт ғимараты қашан пайда болады? Облыс әкімі Құмар Ақсақалов азаматтарды онлайн қабылдап, барлық сұрақтарға жауап берді. 

Нәдия Көкеева – Смирнов ауылының тұрғыны. Келіншектің сөзінше элеваторлар үйлерге өте жақын орналасқан. Бұл өз кезегінде тұрғындарға шаң, шу секілді біраз қиындықтар әкеледі. Ауыл тұрғындарының айтуынша, «Ертегі» ЖШС-нің кәсіпорны тұрғын үйлерден небары 7 метр қашықтықта орналасқан, тіпті түнде де адамдарға тыныштық жоқ.

НӘДИЯ КӨКЕЕВА, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Элеваторлар толық қуатта жұмыс істейді, олар өндірістік алаң ретінде есептеледі. Онда кептіру күндіз-түні жүргізіледі, шуылға шыдау мүмкін емес.

Экология департаменті  өкілдерінің мәліметінше,  санитарлық-қорғау нормасы бұзылғандығы анықталды. Бірақ сотта істі қабылдамады. Ал санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тексеруі ешқандай заң бұзушылықты анықтамаған.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Әрине, сізді түсінемін. Шаң, шу оның үстіне үнемі көліктер жүреді. Бірақ бекітілген талаптар бар, сол себепті сізді тексеріс жұмыстарына қатысуға шақырамын. Аудан әкімі де ЖШС-нің басшылығымен әңгімелесіп, жағдайды шешуі тиіс.   

Ал Кондратовка ауылының тұрғыны өңір басшысына бірден бірнеше сауал қойды. Әсия Әбілева жол жағдайына алаңдаулы. Өңір басшысының айтуынша, бұл елдімекенге қазан айында жол салу  жоспарланған. Осы айда тұрғындарға қажет автобус да қатынай бастайды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Қалада жүретін қоғамдық көліктерге валидаторларды орнату аяқталды, қолма-қол төлеудің бағасы жоғары, карточкамен 80 теңге. Мәселе шешілетін болады. Қазан айында автобус жүреді.

Ауыл тұрғындарының сөзінше елді-мекенде медициналық пункт те жоқ. Сол себепті фельдшер әр үйді аралап жүруге мәжбүр.

ӘСИЯ ӘБІЛЕВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Дәрі тамызғышты қою үшін дәрігер штативті алып, үйге жүгіріп келеді. Бұл өте ыңғасыз. Әсіресе күз-қыс мезгілдерінде. Осы мәселені шешіп берсеңіздер дейміз.  

Облыс әкіміне денсаулық сақтау басқармасының басшысы хабарлағандай, фельдшерлік-акушерлік пунктке арналған ғимарат өз қаражаты есебінен сатып алынады. Қазіргі уақытта мәселені шешу жолдары қарастырылуда.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бұл жұмыстарға шамамен 2 млн теңге жұмсалады ғой, иа? Сол себепті ауылдың дәл ортасында орналасқан ғимарат болуы керек. Тек осылайша медициналық пункт тұрғындардың барлығына да қолжетімді болады.

Облыс әкімі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін де шешуді тапсырды. Қажеттің барлығын ауылға жеткізу керек. Ал, әзірге тұрғындар аудан орталығына баруға мәжбүр.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭНЕРГИЯ ӨНДІРЕТІН ЖӘНЕ БЕРУШІ ҰЙЫМДАРҒА ҚЫСҚА ӘЗІРЛІК ПАСПОРТЫ БЕРІЛДІ
17:22, 15 қазан 2021
ЭНЕРГИЯ ӨНДІРЕТІН ЖӘНЕ БЕРУШІ ҰЙЫМДАРҒА ҚЫСҚА ӘЗІРЛІК ПАСПОР...
Толығырақ...
ОНЛАЙН САНАҚТАН 170 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨТТІ
17:19, 15 қазан 2021
ОНЛАЙН САНАҚТАН 170 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨТТІ
Толығырақ...
«ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ - ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ»
20:42, 14 қазан 2021
«ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ - ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...