ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ӨҢІР ЖЕТЕКШІСІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

17:15, 6 маусым 2022

Қопай ықшам ауданындағы ескі жер үйлер сүріле бастады. Олардың орынына 2800 пәтерлік 27 көпқабатты үй тұрғызылмақ. Бүгіндері мұндағы 9 баспана салынып жатыр. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов құрылыс алаңдарына барды, тұрғындармен тілдесті. Мағжан Ахмадина тарқатады.  

 Қаланың көркін бұзған, жартылай жерге кірген ескі жер үйлер алынғаннан бері мына жер адам танымастай өзгерген. Қазір мұнда жұмыс қызып, көп қабатты баспана тұрғызылып жатыр. Солардың 3-уінің құрылысын «Основание» серіктестігі қолға алған.

СЕРГЕЙ ТИМОФЕЕВ, «ОСНОВАНИЕ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Біздер бұл ауданда екі 72 пәтерлі тағы бір 126 пәтерлі үйді тұрғыздық. Қос баспананың құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін 3-шісін де тапсыратын боламыз. Өткен жылы құрылыс жұмыстарын бастағанда материалдар қымбаттап, сәл қиындықтар болғаны рас. Қазір жағдай тұрақталды. Кадр жетіспеушілігі мәселесі де бар. Бірақ олардың барлығын біртіндеп шешіп жатырмыз.

 Бұл серіктестік облыс орталығындағы 7 үйдің құрылысын жүргізіп жатыр.  Олардың 1-уі коммерциялық баспана. Компания жуырда өңіріміз үшін маңызды тағы бір нысанды салуды бастады.

 ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Серіктестік өңірдегі жалғыз жоғарғы оқу орнына арналған 1200 орынға шақталған 2 жатақхананы салуға кірісті. Ол 11 қабатты заманауи ғимараттар юолмақ.  Ол үшін тиісті қаражат бөлінді.

Жалпы «Орталық» ықшам ауданында 10 үйдің құрылысын жүргізу жоспарда бар. Солардың 3-інде бүгіндері жұмыстар аяқталыпты. Баспаналар мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерген.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бұл жерде осыған дейін тұрған 120 ескі үй сүрілді. Солардың орнына бюджет есебінен 924 пәтерлі 10 көпқабатты нысан тұрғызылып жатыр. Тағы коммерциялық баспаналар да бой көтермек. Алдағы уақытта түрік компаниясы заманауи, үлкен тұрғын үй кешенін салуды жоспарлап отыр. Бұл ауданда спорт кешені де пайда болады. Қазір оның орыны да дайындалады. Балабақша тұрғызу жоспарда бар.

Бұл жерде су және жылу желілерін тарту бойынша қиындықтар туындаған. Ол мәселе  шешімін тапты деді нысанның жұмысымен танысқан облыс әкіміне шаһар басшысының орынбасары Жанболат Батырбеков. Алдағы уақытта бұл маңдағы жолды да қалыпқа келтіру жоспарда бар.  Бүгіндері ескі үйлерді бұзу жұмыстары Қопай ауданында да жүргізілуде. Өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов тұрғындармен де кездесіп, сауалдарына жауап берді. Татьяна Анисимованың бұл жерде тұрып жатқанына 20 жыл болған. Петропавлдық көшуге әзір, бірақ қалалық әкімдік ақша төлеуге асығар емес.

ТАТЬЯНА АНИСИМОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Риелтор бізге Береке ықшам ауданынан үй тауып қойды. Менің үйіме әкімдік 13 млн теңге береміз деп отыр. Онымен де келістім. Бірақ сол ақшаны әне беріміз, міне береміз деп әлі төлемей келеді.

 Облыс әкімінің айтуынша, алдағы күндері төлемдер жасала бастайды. Әзірге мұнда тек 12 үй сүрілген.

 ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бұл жерде 2800 пәтерге шақталған 27 көпқабатты баспананы тұрғызу жоспарда бар. Биыл соның 9-ының құрылысы басталмақ.  Жалпы 117 жер үй бұзылады. Сондай-ақ балабақша, мектеп және емхана салынатын болады.

Тұрғындар соңғы кездері шағын аудандағы үйлер жиі өртеніп жатқандығын да айтты. Олар бұл жағдайға алаңдаушылық білдірді. Үй өртенген жағдайда төлемдердің қалай жасалатындығы түсініксіз. Сауалға қала әкімінің орынбасары жауап берді.

 ЖАНБОЛАТ БАТЫРБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Өртенген әр үйдің жағдайы жеке қаралады. Біздер төтенше жағдайлар департаментінен анықтама алып, комиссия құрамыз. Әрине жанып кеткен нысанды бағалай алмайсың. Бірақ құжаттар бойынша, оның қанша бөлмелі екенін, қанша шаршы метр болғандығын анықтауға болады.  Соның негізінде төлемдер жасалады.

 Облыс әкімі бұл күні Береке аудынанда салынып жатқан алты 100 пәтерлі баспананың құрылысымен де танысты.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Береке ықшам ауданында 30 көпқабатты үйлер салынған. Ол - 2700 пәтер. Қазір 7 үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 3-уін биыл бітіреміз. Соның ішінде 120 пәтер көпбалалы ата-аналарға, 120 пәтер жетімдерге беріледі.

 Бұл ауданда балабақша және түзету мектебі де салынбақшы. Және аймақ басшысы құрылысы бітпей жатқан емханадағы жұмыстарды да биыл аяқтау жоспарланған деді. Жалпы соңғы 5 жылда құрылыс саласындағы инвестиция көлемі 3 есеге артқан.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар