ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 3-ШІ ЗАМАНАУИ АНГИОГРАФ АППАРАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ӨҢІР ЗІЛТЕМІРШІЛЕРІНІҢ ЖЕҢІСІ

17:23, 24 қараша 2020

Осы күндері Талдықорғанда ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жылдың маңызды жарысына облыс құрамасы да қатысты. Ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Эрик Әлібаевтың қарамағанда жаттығатын зілтемір шеберлері жарыста жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Сүйінші хабармен әріптесім Нұрбол Балғабеков бөліспек.

Ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты- дәстүрлі. Биылғы жылдың ең маңызды жарысына еліміздің түкпір-түкпірінен 350-ден астам спортшы жиылған. Республикалық біріншілік эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимде ұйымдастырылып жатыр. Жарыстың екінші күні ерлер арасында 61 келі салмақ дәрежесінде Александр Шпехт екінші орыннан көрінді. 2005 жылғы жасөспірім жетісулық тәжірибелі зілтемірші Алексей Дроздовқа ғана есе жіберді. Айта кетейік, солтүстікқазақстандық спортшы бұған дейін Қостанайда өткен сайыста алтыннан алқа тағынып, спорт шебері нормативін орындаған еді.

Ал әйелдер арасында өтіп жатқан додада солтүстікқазақстандық зілтемірші, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алина Колиушко ел чемпионы атанды. Ол 55 келі салмақта өнер көрсетті. Бұл салмақ дәрежесінде екінші және үшінші орындарды Қостанай және Алматы облыстарының спортшылары бөлісті.

АЛИНА КОЛИУШКО, АУЫР АТЛЕТИКАДАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ:

«Мен бұл жарысқа бар күш-жігерімді салып, көп даярландымдым. Нәтижесінде жеңімпаз атанып, бала кезімдегі арманым орындалды. Қуанышымда шег жоқ. Енді келесі жылы наурыз айында өтетін әлем чемпионатына қатысқым келеді.»

Өңір зілтеміршілеріне де эпидемиологиялық жағдай біраз қиындық тудырған. Тіпті, спортшылардың гараждарда да шыныққан кездері болыпты. Бірақ, соған қарамастан олар күніне екі-үш мәрте жаттығу жасап отырған. Еңбектің арқасында зілтеміршілер ел чемпионатында жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, ұлттық құрама сапына алынды. Сонымен бірге Перуда өткен Әлем кубогында Жанәли Тұяқов үздік үштіктің қатарынан көрінді.

ЭРИК ӘЛІБАЕВ, АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

Биыл ауыр атлетикадан ұлттық құраманың сапына Айдар Қазовтан бөлек, Алина Колиушко, Александр Шпехт, Денис Полубояринов, Жанәли Тұяқов сынды 4 спортшы алынды. Олар ел чемпионаттарында жақсы өнер көрсетіп жүр. Талдықорған қаласында ұйымдастырылған додаға дейін осы шәкірттерім Қостанайда топ жарды. Тіпті, Жанәли Тұяқов  Перуда онлайн режимде өткен Әлем кубогында да қола медальды еншіледі. Ол халықаралық додаға алғаш рет қатысты.»

Талдықорғанда өтіп жатқан чемпионат қарашаның 27-сіне дейін созылады. Жарыстың соңғы күні 102 келіден артық салмақ дәрежесінде өнер көрсететін 16 жастағы Жанәли Тұяқов облыс намысын қорғайтын болады. Сайыс кешкі сағат 17:00-де «YouTube» әлеуметтік желісінде көрсетілмек. Ендеше жерлесімізге сәттілік тілейік!

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРАВОСЛАВТЫҚТАР «КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ
13:05, 19 қаңтар 2021
ПРАВОСЛАВТЫҚТАР «КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ
Толығырақ...
18 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ КОНКУРС БАСТАЛДЫ
13:03, 19 қаңтар 2021
18 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ КОНКУРС БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
КРЕЩЕНИЕ» МЕЙРАМЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАП ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ
20:44, 18 қаңтар 2021
КРЕЩЕНИЕ» МЕЙРАМЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАП ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
17:17, 14 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
17:19, 12 қаңтар 2021
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР  8  ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
17:15, 14 қаңтар 2021
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР 8 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
Толығырақ...