ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ

17:20, 30 қараша 2021

Облыста кәсіпкерлер мен кәсібін жаңадан бастап жатқан азаматтарға Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары барынша  көмек көрсетіп, қажетті кеңестерін ұсынады. Мәселен жыл басынан қолдау орталықтары 10 мыңға жуық кеңес берген. Ал 4 жыл көлемінде жүзеге асырылып отырған «Бастау бизнес» жобасы аясында 8 мыңға жуық өңір тұрғыны тегін оқудан өтті.

Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары облыстың 13 ауданында орналасқан. Мұнда кәсіпкерлер мен кәсібін енді ғана бастап отырған азаматтарға  ақпараттық қолдау көрсетіледі. Айталық, қандай мемлекеттік бағдарламалар бар, пайызы төмен несие немесе қайтарымсыз гранттарды қалай алуға болатындығы жөнінде толық ақпарат беріледі. Жыл басынан аймақтық филиалдар бизнес өкілдеріне 9633 тегін кеңес берді. Олар заңгерлік, бухгалтерлік және салық қызметтеріне, бизнес жоспар жазуға, мемлекеттік сатып алу және сандық қызметтерге байланысты.

РАҚЫМБЕК ЗЕЙНУЛЛИН, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ  БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдалмасы аясында жүзеге асырылып отырған «Бастау бизнес» жобасы да өңірімізде жүйелі жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында облыста 2017 жылдан бастап 8 мыңға жуық адам оқудан өтті. Жобаға жұмыссыз азаматтар, өзін өзі жұмыспен қамтығандар, көпбалалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың мүшелері қатыса алады

РАҚЫМБЕК ЗЕЙНУЛЛИН- СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ  БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

4 жыл көлемінде «Бастау бизнес» жобасы арқылы қаржылай көмек алған азаматтардың 60 пайызы ауылшаруашылығы саласында кәсібін ашқан, ал қалған 40 пайызы қызмет көрсету саласы бойынша кәсіптерін дөңгелетіп отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

АСПАЛЫ КРАНДЫ БАҒЫНДЫРҒАН 59 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ
20:44, 24 қаңтар 2022
АСПАЛЫ КРАНДЫ БАҒЫНДЫРҒАН 59 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ
Толығырақ...
ЕҢ ТӨМЕНГІ ЕҢБЕКАҚЫ 60 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
17:21, 24 қаңтар 2022
ЕҢ ТӨМЕНГІ ЕҢБЕКАҚЫ 60 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...