ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ ЕЛУДЕН АСТАМ БАЛА СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН АУРУЛАРМЕН АУЫРАДЫ

20:34, 9 маусым 2022

Туа бітті ихтиоз, бұлшықет дистрофиясы, миастения,  Гоше, Крона, Вильсон аурулары. Бұл сирек кездесетін дерт түрлері. Бүгіндері осындай диагноз 50-ден астам солтүстікқазақстандық бүлдіршінге қойылған. Бұл туралы өңірдегі орфандық аурулардың ерекшеліктері атты конференцияда сөз болды. Балалар жылы аясында өткізілген жиында Алматыдан келген дәрігерлер теріскейлік әріптестерімен тәжірбие алмасты.

Қазір дүниежүзінде жеті мыңға жуық сирек кездесетін аурудың аты белгілі. Бұл дерттермен жер шары тұрғындарының 10%-ға жуығы ауырады.  Сондай қатерлі аурулардың бірі – мукополисахаридоз. Орфандық аурулардың тізіміне кіретін мұндай кемістік бүгіндері 82 қазақстандықта бар екен. Генетикалық сырқат белгілері басптапқы бетте байқалмауы да мүмкін дейді алматылық дәрігерлер.

МАЙРА ШӘРІПОВА, ПЕДИАТРИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАЛАЛАР ГАСТРОЭНТЕРОЛОГ-ДӘРІГЕРІ, МПС СИРЕК АУРУЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КООРДИНАТОР, М.Ғ.К., АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ:

- Бала туғанда сау болып көрінуі мүмкін. Кейін 4-6 айға келгенде ауру белгілері байқала бастайды. Ең алдымен барлық балаларда жиі кездесетін  ринит, отит сынды  дерттер шығады. Тағы шап және кіндік жарығы пайда болады. Содан соң бет әлпеті өзгереді. Мұрын тесіктері мен еріні үлкейеді. Кейін бүйрегі мен көкбауыры ұлғаюуы мүмкін.

Мамандар аурудың емі бар дейді. Тек ол үшін дертті ерте баста анықтаудың маңызы зор. Әйтпеген жағдайда, науқас 10 жасқа дейін ғана өмір сүреді. Сондықтан педиатрларға артылар жүк ауыр. Бір қуантарлығы аталған дерт өңірімізде тіркелмеген. Бірақ аймағымызда одан өзге сирек кездесетін ауру түрлеріне шалдыққан балғындар бар.

АНАР САРБАСОВА, СҚО ШТАТТАН ТЫС БАС ПЕДИАТРЫ:

- Миастениямен бір, туа бітті ихтиозбен - 3, бұлшықет дистрофиясына – 7 бала шалдыққан. Тағы облысымызда Гоше, Крон, Вильсон аурулары анықталған балалар кездеседі. Бұдан өзге де сирек кездесетін 7 дертпен ауыратын бүлдіршіндер  бар. Олар үнемі тар бейінді дәрігерлердің бақылауында. Және жылына бір рет олар квота бойынша ғылыми орталық мамандарына қаралады.

 Бұл балғындардың барлығы қажетті дәрі-дәрмекпен 100 пайыз қамтылған.

 

Мағжан Ахмадина

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар