ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ МАЛ АЗЫҒЫ МЕН АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

20:35, 21 шілде 2021

Өңірдің 2 ауданында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Саудаға ет, сүт, май және жем-шөп пен отын шығарылды. Өнімнің барлығы нарықтағы бағадан арзанға саудаланды. Жәрмеңкенің біріне облыс әкімі Құмар Ақсақалов арнайы барып, аграрилермен жүздесті. Кездесу барысында өңір жетекшісі 1 тонна шөптің бағасын 15 мың теңгеден асырмау қажеттігін айтты. Бұл жайында келесі бейнематериалда.

Мамлют ауданы Краснознаменное ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ерекше жәрмеңке өтті. Бұл жолы азық-түлікпен қатар арзан бағамен жем-шөп, отын және көмір саудаға түсті. Жәрмеңкеге ағылған жұрттың қарасы қалың.  

Көпшілік орама шөп алуға асықты. Себебі, ол небәрі 5 мың теңгеден саудаланды. Реніш болмас үшін әр отбасыға 1 тоннадан ғана сатылды. Әр орам - 300-350 келіден.

МАЙРА ЖАНБЕКОВА, КРАСНОЗНАМЕННОЕ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

- "3 тюк алдық. 5 мың теңгеден. Өте арзан. Өзім қой ұстаймын. Осындай жәрмеңке жиі бола берсін. 00:58 Үйге дейін жеткізіп береді".

Жалпы, жәрмеңкеге 24 тонна шөп әкелініпті. Бұдан басқа 6 тонна жем, 15 тонна көмір, 18 текше метр отын саудаланды. Барлығы әдеттегі бағадан 15-20 пайызға арзан.

ИСҚАҚ НАСЫРОВ, МАМЛЮТ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ  ОРЫНБАСАРЫ:

- "Жәрмеңкеге әкелінген барлық тауар сатылды. Мәселен, орташа есеппен алғанда 1 тонна шөпті әдетте 20 мың теңгеден сатады. Ал жәрмеңкеде оның құны - 15 мың. Сондай-ақ, жемнің 1 тоннасы небәрі 40 мың теңгеге сатылды. Қалған жерлерде оның құны 60 мыңнан асады. Көмір - 1480-ге, ал отынның 1 текше метрі 7 мың 500 теңгеге саудаланды".

Таңсәріден аққайыңдықтар аудан орталығы Смирновқа жиналды. Мұнда да жәрмеңке өтіп жатыр. Бірақ, мұнда табиғи әрі арзан өнім әр апта сайын сатылымға шығарылады. Тіпті, қала тұрғындары да осында келіп, қажетті азық-түліктерін сатып алып жатыр. Солардың бірі - Әсия Ағзамова.

ӘСИЯ АҒЗАМОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- "Картоп, пияз, сәбіз алып жатырмын. Бағалары оңды екен. Қалада сәбіз 500 теңге тұрады. Мұнда - 300 теңге. Ар жақтан жұмыртқа, қаймақ, сүт аламын".

Жәрмеңкеде сатылып жатқан өнімдердің құны дүкендегіден 15-20 пайызға арзан. Мысалы, сиыр етінің орташа бағасы – 1900 теңге, жұмыртқаның 10 данасы – 280, картоптың келісі – 175, ал бір келі сары май 2 жарым мың теңгеге ұсынылып отыр. Аққайың ауданыНА арнайы келген өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов өнімдердің бағасын бағамдады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  "Қойдық бағасы қанша?

- Қойдың еті - 2 мың теңге.

- Ал ірі қара ше?

- Сиырдың еті - 1900 теңге"

Сондай-ақ, жәрмеңкеде азық-түлікпен қоса жем-шөп пен отын да қолжетімді бағамен сатылымға қойылған. Мал шаруашылығымен айналысатын Сейітбек Үсенов 8 орам шөп сатып алды.

Сейітбек Үсенов:

- Тоннасы - 15 мың теңге.

Құмар Ақсақалов:

- Қанша мал бар?

- 20 шақты малым бар. 

- 15 мың теңге бұл былтырғы жылдың бағасы ғой. Осы бағаны сақтап қалу қажет. Адамдарға қолайлы болу керек".

Жәрмеңкеден кейін өңір жетекшісі жергілікті аграрилермен кездесті. Құмар Ақсақалов оларға мал азығының бағасын өткен жылғыдай сақтап қалуға тапсырма берді. Яғни шөптің 1 тоннасы 15 мың теңгеден аспауы тиіс.                                                                                                                                                                              

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  "Қазір мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындарды шөппен қамтамасыз ету қажет. Ең бастысы мал азығының бағасы өткен жылдан жоғары болмауы тиіс. Қыс кезінде ешқандай қиындықтар туындамауы қажет. Өздеріңіз көріп отырғандай, оңтүстік жақта жем-шөп жетіспей жатыр. Күз кезінде оларға да көмектесеміз. Сондықтан, қысқа азықты көптеп жинау қажет".  

Аққайыңдық аграрилер жергілікті тұрғындарға 3 тоннадан таратып берді.

БІРЖАН ШӘЙМЕРДЕНОВ, «ДАЙЫНДЫҚ-АГРО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- "Бүгінге дейін әр отбасыға 3 тоннадан шөп берілді. Орақ науқаны аяқталғасын, ауылдағы ағайынға 2 тоннадан арпа таратамыз. Жалпы, біздегі жағдай жаман емес".

Аққайың ауданында тұрғындар биыл мал азығынан таршылық көрмейді. Алайда, жәрмеңкеде айтылғандай, Айыртау, Тимирязев пен Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарында шөптің шығымы нашар.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
20:40, 4 тамыз 2021
ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
Толығырақ...
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
17:15, 4 тамыз 2021
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...