ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЛДАУ ШТАБЫ ҚҰРЫЛДЫ

20:40, 6 мамыр 2022

Өңірде референдумды қоғамдық қолдау штабы құрылды. Оған халық арасында танымал, қоғамдық іс-шараларға белсене ат салысып жүрген 20-дан астам солтүстікқазақстандық мүшелік етеді. Жұдырықша жұмылған азаматтардың басты мақсаты тұрғындарға бүкілхалықтық дауысқа салудың мән-маңызын түсіндіру болмақ. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі бүкілхалықтық референдум 1 айдан соң өтпек. Бұл тарихи іс-шарадан бірде-бір жан қалыс қалмауы қажет. Әр азамат жаңа әрі әділетті Қазақстанның іргетасын қалауға үлес қосуы тиіс. Ал әрбір отандасымыз ат салысуы үшін бүгіннен ақпараттандыру жұмысына қарқын қосқан жөн. Осыған орай еліміздің барлық өңірінде референдумды қоғамдық қолдау штабы құрылып отыр.

КҮЛІМКӨЗ СМАЙЫЛОВА, РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЛДАУ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Облыстық штабқа 23 азамат енді. Олар: әр түрлі партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер, белсенділер. Бұл жандар қоғам арасында танымал, барлығы Президенттің саясатын толығымен қолдайды.

Бұған дейін референдум Ресей мен Қырғызстанда ұйымдастырылғаны мәлім. "Алайда, бізде өтетін саяси іс-шара көршілердікінен өзгеше",- дейді облыстық штабтың мүшесі Зәкіржан Мамлютов. Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы қазақстандықтар биліктің емес, қоғамның беделін арттырмақ.

ЗӘКІРЖАН МАМЛЮТОВ, РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЛДАУ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Біздің референдум Қазақстанды суперпрезиденттік елден, парламенті мықты елге айналдыруды көздейді. Яғни, Президент өзінің билігін шектегелі отыр. Бұл барлық жүйенің өзгеруіне әкеледі. Сондықтан, баршамыз дауыс беру қажетпіз. Біз 30 жылдың көлемінде мемлекетіміздің іргетасын қаладық. Енді Екінші Республиканың қабырғасын бірге қалайық!

Бірлік бар жерде тірлік бар! Референдумды қоғамдық қолдау облыстық штабының мүшелері солтүстікқазақстандықтарды қатарға қосылуға және тарихи іс-шараға қатысуға шақырады.

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...