ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ӨҢІРГЕ ІС-САПАРМЕН ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕР КЕЛДІ

20:44, 20 шілде 2022

Облыста ҚР Ұлттық Ұланға қарайтын «Қалқан» газеті мен «Бүркіт» журналының әскери журналистері жүр. Олар 6637 әскери бөліміндегі қызметшілердің бір күні жөнінде материал әзірлемек.  

 Жалпы 10 күнде бір рет шығатын «Қалқан» газеті алғаш рет 1961 жылдың қыркүйегінде жарық көрген. Ал «Бүркіт» журналы 2005 жылы оқырманға жол тартты. Запастағы подполковник, әскери журналист Алтай Сиырбаевтың айтуынша, өңірге іс-сапар 3 күнге жоспарланған. Осы аралықта журналистер әскерилердің жұмысын көріп, таспаға түсіріп, кейін мақаланы газет-журналдардың бетіне жариялайды.

АЛТАЙ СИЫРБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ «ҚАЛҚАН» ГАЗЕТІ МЕН «БҮРКІТ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ТІЛШІСІ:

- «Сондай-ақ, біз Ұлттық Ұлан академиясында да болып, оқуға түсіп жатқан курсанттар жайында репортаж әзірледік. Яғни, медициналық комиссиядан және физикалық дайындықтан қалай өтіп жатқандығын таспаға түсіріп, газет бетіне жариялайтын боламыз. Біз бұған дейін Алматы, Өскемен және Семей қалаларында болдық. Қазір Петропавлдамыз. Алдағы уақытта Қарағанда қаласына да баруды жоспарлап отырмыз.»

 

Нұрбол балғабеков

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар