ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ Толығырақ

ӨҢІРГЕ ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ КЕЛДІ

17:15, 12 мамыр 2022

Өңірге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дмитрий Колода келді. Ол Аққайың ауданындағы Астраханка ауылының тұрғындарымен кездесіп, оларға 5 мауысм күні өтетін жалпыхалықтық референдум жайлы айтып берді. Және маңызды шараға бір адамдай қатысуға шақырды.

Ең алдымен Дмитрий Колода жиналғандарға референдумның өту барысы жайлы айтып берді. Тағы тұрғындарды аталған шараға белсенді түрде қатысуға шақырды. Өйткені, бұл келешегіміз үшін маңызды.

ДМИТРИЙ КОЛОДА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Конституцияға енгізілетін өзгерістер халықтың тұрмысына тікелей қатысты. Олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Сондықтан тұрғындарды бұл шарадан қалмауға шақырамын. Жалпы ел тарихында референдум осымен 2-ші рет ұйымдастырылып отыр. Алғашқысы 1995 жылы өткізіліп, онда қазіргі қолданыстағы Конституциямыз қабылданған еді.

Енді 5 маусым күні барша қазақстандықтар таңдау жасау арқылы Ата Заңымызды өзгертпек. Осы ретте айта кетейік, тұрғындар толықтыруды қажет ететін 33 баптың әрқайсысына емес, жалпы дауыс береді. Ол үшін арнайы орындар белгіленіп, сайлау науқаны кезінде сияқты бюлетень әзірленеді. Мәжілісмен Дмитрий Колодамен кездесуге тұрғындар көп жиналмаса да, олар белсенділік танытып, депутатқа бірқатар сауал жолдады. Айталық, Гүлмира Қабанбаева әйелдердің зейнет жасын 63-тен 58 жасқа дейін қысқарту керек дейді.

 ГҮЛМИРА ҚАБАНБАЕВА, АСТРАХАНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ:

- 63 жас әйел адамға көп деп ойлаймын. Ауылдағы әйелдер тез қартаяды. Бала туады. Олардың күтімі бар. Сондықтан 58 жаста зейнетке шығуы керек деп ойлаймын.

 Сауалға жауап берген халық қалаулысы күн сайын парламентке әйелдерден осы сынды сұрақтар түсетіндігін айтты. Және бүгіндері сең қозғалған сияқты. Қазір арнайы құжат әзірленіп жатқан көрінеді.

 ДМИТРИЙ КОЛОДА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Бұл мәселе қазір қарастырылып жатыр. Және ол арнайы әлеуметтік кодекске енгізіледі. Оны Үкімет жасақтап жатқан көрінеді. Содан жыл соңына дейін Парламенттің қарауына ұсынулары тиіс.

 Айта кетейік, Парламент депутаттары өңірде мамырдың 20-сына дейін болады.

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ  ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:40, 24 мамыр 2022
АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА ӨҢІРДЕ 34 МЫҢНАН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН
20:39, 24 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА ӨҢІРДЕ 34 МЫҢНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
17:17, 19 мамыр 2022
ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
17:20, 24 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚЫН АЛҒАН
17:15, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚ...
Толығырақ...