ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ЖЫЛДА АУАҒА 76 МЫҢ ТОННА ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТАРАҒАН Толығырақ

ОНЛАЙН БАҚЫЛАУ-КАССАЛЫҚ МАШИНАНЫ ОРНАТУ ШАРТ

20:30, 5 қараша 2019

2020 жылдың 1 қаңтарынан  бастап патент арқылы жұмыс істейтін кәсіпкерлер міндетті түрде онлайн бақылау-кассалық машиналарды қолданатын болады.  Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлер мен кассалық аппараттарды сатып, қызмет көрсететін компаниялардың басын қосып, арнайы семинар өткізді. Жаңашылдықтың мақсаты не, бизнесмендер не ұтады, бюджетке пайдасы қандай? Келесі бейнематериалға назар аударайық.

Петропавлда 4300-ге жуық кәсіпкер патент арқылы жұмыс істейді. Олардың тек 12-сі ғана жаңа талаптарға сай онлайн бақылау-кассалық машинасын қолданады. Қалғандары асығар емес. Алайда келесі жылдың басынан  олардың барлығы жаңа жүйеге көшуі тиіс. Жылдың соңында кассалық машиналарға қызмет көрсету орталығында қарбалас пен кезекті болдырмау мақсатында арнайы семинар өткізіліп, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берілді.

ЛИЛИЯ ӘБІЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

-Аударма 1,30 /Мемлекеттік кірістер басқармасында онлайн бақылау-кассалық машиналарды енгізу жөнінде  арнайы штаб құрылды. Штаб мүшелері сауда орындарын аралап, жаңа талаптарды түсіндіріп жатыр.    Салық заңнамасына сәйкес патент негізінде саудамен айналысатын  жеке кәсіпкерлер салық төлейудің жаңа түріне көшеді. Ол үшін мемлекетік кірістер басқармасына келіп өтініш жазуы керек.   

Кәсіпкерлердің әр қаржы орерациясы туралы мәлімет мемлекеттік кірістер органдарының серверіне автоматты түрде түседі. Осылайша бизнесмендердің кірістері қадағаланады. Ал кәсіпкерлер үшін жаңащылдықтың артықшылығы - кассалық аппараттарды қолдану-қолданбау тексерістердің болмауы.

ЛЮДМИЛА ЛЕВИЦКАЯ, КӘСІПКЕР:

-Аударма   / 25 жылдан бері газет-журналдарды сатумен айналысамын. Бақылау-кассалық машиналармен бұрын жұмыс істегенбіз.Кейін Патентке көштік. Сондықтан жаңа талаптарды тез меңгеріп аламыз деп ойлаймын. Бір жақсысы, бүгін кассалық машиналарға қызмет көрсетенін компаниялармен кездесу ұйымдастырылып, бізге жеңілдік жасалды. 

Заң талаптарын орындамаған бизнесмендерге әкімшілік шара қолданылмақ.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА БІР ЖЫЛДА АУАҒА 76 МЫҢ ТОННА ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТАРАҒАН
20:40, 3 тамыз 2021
ОБЛЫСТА БІР ЖЫЛДА АУАҒА 76 МЫҢ ТОННА ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТАРАҒАН
Толығырақ...
«ASHYQ» ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ЖАҢА КӨШБАСШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
20:35, 2 тамыз 2021
«ASHYQ» ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ЖАҢА КӨШБАСШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...