ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ОНЛАЙН САНАҚТАН 170 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨТТІ

17:19, 15 қазан 2021

Қазанның 1-нен Ұлттық халық санағының 2-ші кезеңі өтіп жатыр. Қазіргі кезде интервьюерлер үй-үйді аралап, тұрғындармен бірге санақ парақтарын толтырып, сұрақтарға жауап беруде. Мұнымен қатар, кей азаматтар бұл рәсімнен онлайн яғни санақ.гов.кз сайтында да өтіп жатыр. Бүгінгі күні қанша солтүстікқазақстандық ел үшін маңызды оқиғаға қатысып үлгерді? Әріптесім әзірлеген сюжетке зер салайық.

Онлайн санақтан өткен азаматтардың бірі Еркебұлан Мамбетов. Облыстық мәслихат депутаты қыркүйектің 15-і ұялы телефон арқылы санақ.гов.кз сайтына кіріп, жеке басына, отбасы мүшелеріне, тұрғын үй мен мүлікке қатысты сауалдарға жауап берді. Еркебұлан Нұрмағамбетұлының сөзінше облыс бюджетін қарастыру және көптеген мәселелерді шешу кезінде ол әріптестерімен статистикалық көрсеткекіштерге үлкен көңіл бөледі. Сол себепті ұлттық халық санағы ел үшін маңызды оқиға.

ЕРКЕБҰЛАН МАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

- Қиында емес. Шын айтқанда 10 жыл бұрын осы сарапшылар үй-үйді аралап, сұрақтарға жауап беретінбіз. Биыл заманауи технологиямен өтіп жатырмыз. Өте ыңғайлы деп ойлаймын. 60тың маңайында келе жатқан адамдарға да ыңғайлы. Қазақ айтады ғой 50 жылда ел жаңарады. Бірақ санақтың арқасында бұл үрдіс 10 жыл сайын болады.

Жалпы қазіргі таңда онлайн форматта санақтан өткен тұрғындардың саны 170 мың 984 адамды құрап отыр. Бұл Солтүстік Қазақстан облысы халқының 31,6 пайызы. Ал, үйлерді аралау жұмыстарына өңірде 576 интервьюер тартылды. Олардың 150-і облыс орталығында пәтерлерді араламақ. Сауалнама жүргізушіні «Халық санағы» логотипі бар бөкебай, көк сөмке, қолындағы қара планшет арқылы тануға болады. Алайда соған қарамастан мамандар санақ жүргізу барысында көптеген қиындықтарға тап болған.

МАРАЛ ДАНИЯРОВА, ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

  • Үйлерді аралауға шыққан интервьюерлер кей қиындықтарға тап болуда. Мәселен, тұрғындардың кейбірі есікті ашудан бас тартып, онлайн өткендерін дәйектігін хабарламаларды көрсетуден бас тартады. Азаматтар халық санағының маңызын түсінген жоқ. Себебі, ақпараттық базалар қанша дамыған болса да, халық санағы арқылы алынатын мәліметтердің теңдесі, баламасы болмады. Халықс анағы барлық адамдарға байланысты. Олар қаншалықты әділ деректер көргісі келетін болса, санақтан өтуі үшін қолынанк елген бәрін істеуі қажет.

Бүгін яғни қазанның 15-і түнгі 00:00-де онлайн санақ аяқталады. Ал, үйлерді аралау қазанның 30-ы тоқтатылады. Қараша айының 1-і мен 7-і аралығында мамандар қорытынды аралау жұмыстарына кріседі. Жиналған деректің барлығы  автоматтандырылған аудандастыру бағдарламасына енгізіліп, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық Статистика бюросына жолданады. Олар өз кезегінде 2022-ші жылдың қаңтар айында Ұлттық халық санағының қорытындысын шығарады.  

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН ТОЛТЫРУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ КЕРЕК
17:22, 3 желтоқсан 2021
ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН ТОЛТЫРУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТА...
Толығырақ...
 «ALEM PAY» БАСШЫЛЫҒЫ ПЕТРОПАВЛДЫҚТАРДЫҢ ШАҒЫМДАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ
20:46, 2 желтоқсан 2021
«ALEM PAY» БАСШЫЛЫҒЫ ПЕТРОПАВЛДЫҚТАРДЫҢ ШАҒЫМДАРЫНА ЖАУАП Б...
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР: ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫҚ САЛЫНБАЙДЫ
20:44, 2 желтоқсан 2021
МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР: ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫҚ САЛЫНБАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...