Петропавл тұрғындары жалпы халықтық референдум өткізу идеясын қолдап отыр. Еске салайық, 5-маусым күні елімізде конституцияның 33 бабына түзетулер мен толықтырулар енгізу бойынша дауыс беру өтеді. Ал ата заңға өзгеріс енгізу-ЕНГІЗБЕУДІ халық шешпек. Жалпы өткелі тұрған референдум жайында тұрғындардың ойы қандай? Бейнематериалға назар аударайық.
Референдум – үлкен өзгерістер бастамасы. Алдағы жексенбі күні өтетін саяси іс-шара бүгінде халық арасында кеңінен талқыға түскен. Ата заңға өзгеріс енгізу қажет пе, әлде өзгеріссіз қалдыру керек пе? Референдумда халық дауыс беріп, шешетін болады.
- Әрине Референдумға бару не бармау әркімнің өз еркі. Дегенмен, мен Қазақстанның адал азаматшасы ретінде дауыс беруге міндетті түрде барамын.
- Иә дауыс беруге барамыз. Өз азаматтық позициямызды білдіреміз.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау учаскілері 5 маусымда таңғы 7-ден бастап, 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
- Әр Қазақстан азаматы Референдумға барып өз дауысын беруге міндетті. Біз де барып өз дауысымызды береміз.
- Барамыз. Дауыс береміз. Қолдаймыз. Енгізілейін деп отырған өзгерістерден хабардармыз.
Референдумның өтуіне санаулы күндер қалды. Алдын ала есептеулер бойынша, дауыс беруге 12 млн-нан астам қазақстандық қатысады деп күтілуде.