ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

17:15, 5 мамыр 2022

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. 1992 жылғы 7 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Қарулы күштері құрылды. Сондай-ақ биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 77 жыл. Айтулы мерекелерге орай Петропавлда  концерттік шара өтіп, құқық қорғау саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлер марапатталды.

 Өңірде 770 ҰОС ардагері ІІ органдарында қызмет атқарды. Іс-шара басталмас бұрын құқық қорғау саласының қызметкерлері Солтүстік Қазақстандық полицияда қызмет атқарған майдангерлердің рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Іс-шара барысында ІІ органдарында еңбек ететін 80-ге жуық қызметкер марапатталды. Марапатталғандардың бірі - Илья Масенко. Ол Петропавл қалалық уақытша ұстау изоляторының  жүргізушісі болып қызмет атқарады. 22 жастағы жігіттің  ұлты орыс, ол екі тілде еркін сөйлеп, көп жастарға үлгі болып жүр. Бүгін «ұлт аралық татулық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін» еліміздің ІІ министрі Марат Ахметжановтың  алғыс хатымен марапатталды.

 ИЛЬЯ МАСЕНКО, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ УАҚЫТША ҰСТАУ ИЗОЛЯТОРЫНЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

 -«Бүгін ІІ министрінің алғыс  хатын алып отырмын. Өзім сияқты еңбек жолын енді бастаған жас полицейлерді қызметін адал атқаруға, ел мүддесі мен игілігі үшін қызмет етуге шақырамын. Баршанызды алда келе жатқан мерекелермен құттықтай отыра еңбектеріңізге табыс, денсаулық. Бастарынызға береке бірлік тілеймін.»

Сондай ақ шара барысында ІІ органдарындағы жақсы қызметі мен жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін екі полиция қызметкеріне мерзімінен бұрын арнаулы атақ берілсе,  3 тәртіп сақшысының лауазымы өсті. Сондай ақ 3 полиция қызметкеріне облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың құрмет граммотасы мен алғыс хаты табысталды.

 СӘУЛЕ АНДАҒҰЛОВА, СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Әміре Ақбатай

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...