Қазақстанда 5 маусым күні жалпыхалықтық референдум өтеді. Яғни, қазақстандықтар дауыс беру арқылы Ата Заңымызға өзгертулер енгізбек. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Бұл мемлекетіміздің одан әрі дамуы үшін керек шаралардың бірі. Және ол халықтың көп жылғы талап-тілегінен туындап отыр. Сөйтіп, алдағы уақытта Конституциямызда жер қойнауындағы байлық халыққа тиесілі деген жаңа норма пайда болмақ. Жалпы маңызды құжатқа 30-дан астам өзгертулер енгізіледі.
АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ «БОЛАШАҚ» ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
- Құжатта саяси институттардың жұмысына қатысты көптеген өзгерістер орын алады. Тағы сайлау және партияларды құруға қатысты құжаттарға да толықтырулар енгізілмек. Яғни, жаңашылдықтар халықтың пікірін ескере отырып қабылданбақ.