Отбасы – мемлекеттің ажырамас бөлшегі. Шаңырақта балалардың бойында адалдық және парасаттылық қасиеттерін оятып қалыптастыру бұл тәрбиенің басты нышаны. Биыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен «Парасатты отбасы» атты байқау ұйымдластырылды. Тың дода «Азаматтық бақылау» жобасы аясында өтті. Толығырақ келесі бейнематериалдан.
Байқаудың басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, шаңырақта адалдық және парасаттылық ортаны қалыптастыру болды. Әлеуметтік желілерде ұйымдастырылған байқауда бақ сынауға 9 отбасы ниет білдірді.
НҰРЛАН ЖАХИН, СҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Парасатты отбасы» байқауына қала мен аудан отбасылары қатысуға мүмкіндік алды. Негізгі шарты шаңырақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы ортаны насихаттап, тақырыпты 5 минуттық роликте көрсету еді. Бір кезеңнен тұратын байқау әлеуметтік желілерге жүктелді. 3-ші орын Ақжарлық отбасыға бұйырса, екінші тұғырға Молғажаровтар көтерілді. Ал жеңімпаз Құсановтар әулеті танылды.
АДЕМА ҚҰСАНОВА, «ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ :
- Біз анаммен бірге байқауға қатыстық. Бұл менің алғашқы сайысым емес. Алда да осы сынды конкурстарда бақ сынауға тырысамын.
АНАРА ҚҰСАНОВА, «ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:
- Біз әрқашан адалдық пен әділдік қағидаларын ұстанамыз. Осылай бізді менің ата-анам тәрбиеледі. Отбасымыздағы Адемаға да бұл принциптерді сақтауға үйретіп жүрміз. Ролик әзірлеу үшін бейнесуреттерді біраз отырып таңдадық. Ата-әжелеріміз де қатысты.
Айта кету керек, «Азаматтық бақылау» жобасы елімізде 4 жыл бойы жүзеге асып келеді. Алдағы уақытта да, адалдық және парасаттылық тақырыбында түрлі байқауларды ұйымдастырылатын болады.
Аманжол НҰРТАЗИН