ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АРАЛАП ЖҮР

17:15, 13 мамыр 2022

Өңірде жүрген Парламент Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов мәслихат депутаттарымен кездесті. Халық қалаулысы әріптестеріне алдағы референдумның маңызын түсіндіріп, Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер туралы айтып берді. Сонымен бірге, түзету енгізілетін заңдарға да рет-ретімен тоқталып, сұрақтарға жауап берді.

 Жалпы алғанда 33 бапқа 56 толықтыру енгізу жоспарланып отыр. 25 сәуірде Конституцияға түзетулер енгізумен айналысып жатқан жұмыс тобы өздері дайындаған өзгертулерді жариялаған. Бұл өзгертулерде 1995 жылы таратылған Конституциялық сотты қайта құру; президентке саяси партияларға мүше болуға, ал оның жақындары мен туыстарына саяси және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салусияқты мәселелер қамтылған. Соңғысы ерекше пікірталас тудырды. Десе де, мемлекет басшысының бұл ұсынысын Ерік Сұлтанов қолдайтындығын жеткізді. Ол тіпті әкімдердің де жақындары билікте болмауы тиіс деген позицияны ұстанады. Жиын соңында сенатор референдумның  маңыздылығына тоқталып, оның қазіргі уақытта ел үшін қажеттігін тілге тиек етті.

ЕРІК СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Еліміз тәуелсіздігін енді алғанда қазіргі Конституциямыз әрине соған лайықталып жасалды. Ол кездері бізге мықты Президенттік басқару жүйесі керек болды. Бірақ уақыт бір жерде тұрған жоқ. Сондықтан Ата Заңымызды да өзгертетін кез келді. Және бұл Тұңғыш Президентіміздің ісін жоққа шығару деген сөз емес. Оны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та үнемі айтып жүр.

 

Мағжан АХМАДИНА

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
20:35, 19 мамыр 2022
АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...