ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ

17:15, 13 қазан 2021

Өңірде полиция автопаркі су жаңа 30 автокөлікпен толықты. Петропавлда және қала сыртындағы жолдарда құқықтық тәртіпті әрі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін патрульдік полиция енді «Hyundai Elantra» көлігімен қызмет атқаратын болады. Осылайша өңірде тәртіп сақшылары қызметінің автопаркі 90% жаңартылып отыр.  

Облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, «Hyundai Elantra» маркалы су жаңа 30 автокөлік сатып алынды. Оған 267 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған. Қызметтік автомобильдер патрульдік полиция батальонының жұмысына арналған.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ,  СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Соңғы жылдары 209 автокөлік сатып алынды. Оның биылдың өзіңде 127-сі. Сонымен барлығын есептесек полиция қызметінің автокөлікпен қамтамасыз етілуі 90% дейін жетіп отыр. Петропавл қаласында бүгінгі күні 410 бейнебақылау камералар орналастырылған. Оны тағы да бірнеше жылмен салыстырсақ, ол 5 есе көп.»

Жаңа қызметтік көлікті Бекболат Бүркітбай да мінетін болады. Тәртіп сақшысының 5 жылға жуық еңбек өтілі бар. Оның айтуына қарағанда, су жаңа автомобильдер бұрынғылардан анағұрлым ыңғайлы.

БЕКБОЛАТ БҮРКІТБАЙ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- «Өте ыңғайлы, өте жылдамдықты тез арттырады. 132 аттың күші бар. Тиімділігі де өте жақсы. Қолайлы әрі ыңғайлы автоқұрал болып келеді. Әрине тез арттыру тиімді. Тиісті жерге тез бару үшін жылдамдықты тез арттыратын автокөлік негізі қажет. »

Жыл басынан бері қалалық патрульдік полиция батальонының көмегімен 116 қылмыстың беті ашылды. 20 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Сондай-ақ, полицейлер қала сыртында жол үстінде қиындыққа ұшыраған көлік жүргізушілеріне әрдайым жәрдемдеседі. Осы жылы осындай 50-ден астам көмек көрсетіліпті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ,  СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Әрине бұның барлығы да қылмыстың азаюуына, қылмыстың ашылуына әсер ететіні сөзсіз. Оны жақсы білесіңдер. Бұл жұмыс әрине жалғасатын болады. материалдық технканың базасына жаңарту үшін жыл сайын едәуір қаражат бөлінетін болады.»

Облыс басшысы Құмар Ақсақаловтың сөзіне қарағанда өңірде денсаулық сақтау, білім, жолаушылар тасымалы және қоғамдық қауіпсіздік салаларын көлікпен қамтамасыз ету мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Мәселен, биыл 8 жылжымалы медициналық кешен мен 38 реанимобиль сатып алынған. Сондай-ақ, оқушыларды тасымалдауды сапалы түрде ұйымдастыру үшін 60 жаңа автобус әкелінді. Мұнымен қоса, қала көшелеріне 100 жаңа автобус шықты.

Нұрбол Балғабеков

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
20:42, 25 қазан 2021
ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
20:40, 25 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...