ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛ ӘУЕЖАЙЫ САТЫЛЫП ЖАТЫР

20:35, 11 мамыр 2022

Петропавл әуежайы пайда әкелмей, керісінше шығынға ұшыраған. 2015 және 16 жылдары әуежайға күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізілген, жалпы алғанда 7 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап әуе айлағы штаттық режимде жұмыс істей бастады.

 Өткен жылы ауежай әкімдіктің балансына өтті, олар өз кезегінде маңызды нысанның жұмысына талдау жүргізіліп, оның кіріс әкелмейтіндігі анықталды. Ал ғимаратты тиісті деңгейде ұстауға әкімдік қаражат бөле алмайды. Нәтижесінде әуежайды жеке тұлғаға сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдады. Конкурс жарияланғанымен,  әзірге қызығушылық білдірушілер табылмай отыр.  Екінші конкурс 12 мамыр күні өтеді. Айта кетейік, әуежай 5.6 млрд теңгеге бағаланған. Инвестор конкурсқа қатысу үшін бірінші салым – 840 млн төлеуі керек.

МИРХАТ ӘБІЛМӘЖІНОВ, СҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Жеке инвестор біздің әуежайымызды дамыту үшін әуежайды аукционға қойып отырмыз.Бүгінгі таңда күрделі жөндеу  жұмыстарын жүргізу қажет. Қазір әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Алматы қаласына аптасына 5 рет, Нұр-Сұлтанға күнделікті әуе рейстері бар.

 

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
20:35, 19 мамыр 2022
АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...