ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛ МЕН ОБЛЫСТЫҢ КЕЙ АУДАНДАРЫНДА БЛОК-БЕКЕТТЕР АЛЫНБАЙДЫ

13:05, 13 қаңтар 2022

Бүгін таңғы сағат 7-ден бастап өңірден төтенше жағдай режимі алынды. «Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 745 Жарлығымен жарияланған төтенше жағдайдың күші 13 қаңтар 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын» делінген хабарламада. Ал,терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штаб бірқатар облыс пен қалаларда, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының аумағында терроризмге қарсы операцияның аяқталғанын және террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейінің жойылғаны туралы хабарлады.

Осыған орай белгіленген шектеулер алынып тасталады. Сонымен қатар, басқа қалалардағы террористік актілерге қатысы бар адамдардың облыс аумағына кіруі мүмкін болғандықтан,  терроризмге қарсы күрес жөніндегі өңірлік жедел штаб 2022 жылғы 13-26 қаңтар аралығында СҚО аумағында террористік қауіптіліктің орташа, сары деңгейін белгілеу туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты, өңірде террористік сипаттағы кез келген қатерлерді анықтау бойынша құқық қорғау органдарының жедел жұмысы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерді күзету, Петропавл қаласы мен облыстың кейбір аудандарының шекараларында блок-бекеттердің жұмысы жалғасады.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АСПАЛЫ КРАНДЫ БАҒЫНДЫРҒАН 59 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ
20:44, 24 қаңтар 2022
АСПАЛЫ КРАНДЫ БАҒЫНДЫРҒАН 59 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ
Толығырақ...
ЕҢ ТӨМЕНГІ ЕҢБЕКАҚЫ 60 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
17:21, 24 қаңтар 2022
ЕҢ ТӨМЕНГІ ЕҢБЕКАҚЫ 60 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...