Петропавл қаласының патрульдік полиция батальонында қаладағы мотоклубтардың басшыларымен кездесу өтті. Іс-шара облыстық «Жол-көлік оқиғасын тоқтатамыз» акциясы аясында ұйымдастырылған. Жалпы қала көшелеріне екі дөңгелекті көлік шыққалы «102» арнасына жол-көлік оқиғалары фактілері бойынша 292 хабарлама келіп түсті.
Мотокөліктің қатысуымен 6 жол-көлік оқиғасы, велосипедшілерді қағып кетудің – 6 фактісі, жаяу жүргіншілердің қатысуымен 8 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полиция мотоклубтардың басшыларын Жол қозғалысы ережелерін сақтап қана қоймай, көлік тізгінін жаңа ғана ұстаған жүргізушілерге жолда жүру мәдениетін көрсетуге шақырды. Жалпы 5 айдың ішінде Петропавл аумағында 60 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 1 адам қайтыс болды және 81-і жарақат алған.