ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА 1226 ЖҰМЫСШЫ ТАПШЫ

20:46, 30 сәуір 2021

Екі қолға бір күрек іздеп жүргендер үшін кезекті рет бос орындар жәрмеңкесі отты. Жыл басталғалы бұл  осындай 9-шы  шара. Н.Погодин атындағы орыс драма театрыныда өткен бос орындар жәрмеңкесіне 20 кәсіпорынның өкілі қатысып,үміткерлерге   400-ден астам жұмыс орнын  ұсынды. 

Жыл басынан қалада жұмыс іздегендер саны 300-ге азайДЫ. Қазір Петропавлда ресми тіркелген 1629 жұмыссыз бар.  Н.Погодин атындағы орыс драма театрында  кезекті бос орындар жәрмеңкесі  өтті.  Осы жолы бүгінге дейін күнкөріс көзін таба алмай жүргендердің назарына 400-ден астам  бос орын ұсынылды. 

ЮЛИЯ БІРЖАН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Барлық  бос орындардың тізімі  enbek.kz сайтында жарияланып тұрады. Жәрмеңке күндері бұл тізімді стендерге де іліп қоямыз.  Жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен бетпе-бет тілдесіп, жұмыс тәртібі, жағдайы жайында сұрай алады. Сондықтан, әр шара сайын қатысам деушілердің қатары көп болады. .»

Петропавлда  98 кәсіпорында мамандар тапшы.  Құрылыс, білім беру, спорт,  өнеркәсіп  пен өндіріс салаларына  жалпы алғанда  1226 адам қажет.  Айталық  жаңадан құрылып жатқан  Петропавл  электротехникалық зауыт  жәрмеңкеге 30-ға жуық жұмысшы маманды іздеп келді. 

ЛАУРА АЙШЕВА, «ПЕТРОПАВЛ ЭЛЕКТР ТЕХНИКАЛЫҚ ЗАУЫТ» ЖШС КЕҢСЕ МЕНЕДЖЕРІ:

- «.Зауыт іске қосылғаннан кейін бізге бірқатар маман қажет болады. Олардың тізімін жұмыспен қамту орталығына беріп, бүгін  үміткерлермен кездестік.Бұл облыста құрылайын деп жатқан жаңа өндіріс ошағы, бізге  цифрлық басқару құрылғыларының операторлары,  фрезшілер, дәнекерлеушілер және тағы басқа 30-ға жуық  жұмысшы қажет.»

Жыл басынан бері бос орындар жәрмеңкесіне қатысқан тұрғындардың 150-уі тұрақты жұмыс тапты. 

Мадина Нуркина

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
17:19, 17 мамыр 2021
БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
Толығырақ...
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
13:02, 17 мамыр 2021
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...