ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА 215 ҮЙ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН ЕМЕС

20:38, 13 қыркүйек 2021

Биыл Петропавлда жылыту маусымы қыркүйек айының аяғында басталады деп жоспарланған. Қазіргі таңда 891 үйдің құбыры жуып-шайылып, дайындық құжатын алды. Алайда, қалған 215 тұрғын үйге жылу уақытынан кеш берілуі мүмкін. Оған не себеп? Әріптесім әзірлеген сюжетке назар аударайық.

Жамбыл көшесі 123-ші үйде 252 отбасы тұрады. Ақпан айында мұнда апат болып, тұрғындар бірнеше күнге жылусыз қалған. Оған басты себеп құбырлардың жарылуы.  Пәтер иелері кооперативі төрағасының сөзінше үй иелері өзара келісе алмай, жылыту маусымының алдындағы тиісті жұмыстарды жүргізбеген.  Тіпті жуып-шаю үшін қажетті ақшаны да тапсырмайтын көрінеді. Ал, мұндай шараның бағасы 140-150 мың теңге шамасында.

НАДЕЖДА ШАГИРОВА, «ЖАМБЫЛ 123» ПИК ТӨРАҒАСЫ:

- Өкінішке орай үй тұрғындары бір-бірімен келісе алмайды. Соның салдарынан жылыту маусымына дайындық қалай болса солай жүргізіледі. Әрине, басты себеп олардың ақша тапсырмауы. Бір  пәтерден 3мың теңге жинаймыз. Биыл қуанышымызға орай жуып-шаюға тиісті қаражат жинап алдық.

Жалпы, қазіргі таңда Петропавлда 1106 тұрғын үй бар. Соның 891-і ғана толығымен жылыту маусымына дайын. Қалған 215-не жылу кеш немесе аз мөлшерде берілуі мүмкін. Оған басты себеп, жертөледегі құбырлардың жөнделмеуі, жуып-шаюдың жүзеге асырылмауы. Тұрғындар қалған 1-2 апта ішінде осы ақауларды жоюлары керек.

АСЛАН ІЛИЯСОВ, ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Бүгінгі таңда 891 үй жылу қабылдауға дайын. Барлық жұмыстарын өткізді. Қалған үйлермен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жылыту маусымы аяқталғалы бері тұрғындармен, пәтер иелері кооперативімен әңгімелер жүргізіліп, ескертулер жасалды.

Жылудың үйлерге берілуі ауа температурасына тікелей байланысты. Сол себепті жылыту маусымы қыркүйек айының соңында немесе қазан айының басында басталмақ.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛЫП КЕЛЕДІ
17:18, 28 қазан 2021
КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛЫП КЕЛЕ...
Толығырақ...
КӨЛІКТІК ИНСПЕКЦИЯ БИЫЛ 6 МЛН ТЕҢГЕНІҢ АЙЫППҰЛЫН САЛДЫ
13:02, 28 қазан 2021
КӨЛІКТІК ИНСПЕКЦИЯ БИЫЛ 6 МЛН ТЕҢГЕНІҢ АЙЫППҰЛЫН САЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...