ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА БИЫЛ 58 ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

17:19, 24 қыркүйек 2020

Петропавлда биыл балаларға арналған 58 ойын алаңы бой көтермек. Олардың жартысына жуығы осы күнге дейін қойылды. Соның бірі бүгін Н. Назарбаев көшесінде орналасқан 197-ші тұрғын үйдің ауласына орнатылды.  

Ойын алаңының  барлығын  «Стронг сервис» ЖШС жасап, орнатқан екен. Ол тоғыз элементтен тұрады. Оның ішінде түрлі әткеншектер, сырғанақтар  мен сатылар бар. Мамандардың айтуынша, мұндай ойын алаңдарының тағы қай аулада пайда болатындығы жөнінде қалалық әкімдіктің ресми сайтынан көруге болады.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

«Соңғы екі жылда тұрғындардан келіп түскен өтініштер бойынша, қала әкімі Болат Жұмабековпен кездесу барысында келген өтініштер бойынша арнайы комиссия құрылып, ол комиссияның құрамына тұрғын үй коммуналдық қызметкерлерімен қатар ПИК төрағалары да бар. Олар бірлесіп, жаңағы өтініштер бойынша мекен-жайларға барып осы тізімді құрған болатын. Енді 2021 жылғы тізімді 1-желтоқсанға дейін әкімдіктің ресми сайтыннан көруге болады.»

Бұл үйдің ауласында бұрын ойын алаңы мүлдем болмаған.  Балалар ойнауға көрші үйдің ауласына барған екен.

«Біз ойын алаңының салынуын көп уақыт күттік.  Енді балаларымыз көрші аулаға бармай-ақ, өз ауламызда ойнайтын болады. Бұл жерде олар үнемі біздің көз алдымызда. Біз еш уайымдамай оларды қадағалай аламыз.»

«Ойын алаңын орнатты, бұл тұрғындар үшін жағымды жаңалық. Менің әпкем осы үйде тұрады, оның екі жасар кішкентай баласы бар. Өскен соң ол да осы алаңға барып ойнайды.»

Петропавлда ойын алаңдарын орнату жұмыстары шілде айында басталды. Осы уақытқа дейін 29-ы орнатылды. Қалғаны қыркүйектің соңына дейін қойылады деп жоспарланған.

Дана ҚАЛИЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО-ДА КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ  ЖОЛ ҚОРШАУЫН СОҚТЫ
17:25, 27 қазан 2020
СҚО-ДА КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ЖОЛ ҚОРШАУЫН СОҚТЫ
Толығырақ...
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА БИЫЛ 31 ҮЙЕЛМЕН ҚОНЫС АУДАРДЫ
13:04, 27 қазан 2020
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА БИЫЛ 31 ҮЙЕЛМЕН ҚОНЫС АУДАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...