ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА БӨБЕКЖАЙ-БАҚША АШЫЛДЫ

17:17, 19 сәуір 2021

Облыс орталығында «Батыр» бөбекжай-бақшасы ашылды. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі «Жас Өркен» ықшам ауданында, жаңадан салынған 9 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан.  Қазіргі таңда мұнда 44 балақай тәрбиеленіп жатыр.

«Жас Өркен» ықшам ауданындағы 9 қабатты үйдің бірінші қабатында бөбекжайдың ашылғанына ең алдымен ата-аналар қуанды. Солардың қатарында Мадина Оразаева да бар. Келіншек бұл ауданда 2 жылдан бері тұрып келеді. 2 жасар ұлы бұған дейін балабақшаға бармапты.  Себебі, мектепке дейінгі мекемелердің көбі үйден тым алыс орналасқан.

МАДИНА ОРАЗАЕВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Үйіміздің жанында балабақша ашылғанына өте қуаныштымын. Электрондық кезек бойынша баламды осы балабақшаға орналстырдым. Бүгін бірінші күн келіп отырмыз.

«Батыр» бөбекжай-бақшасы 44 балақайға шақталған. Бүгінгі күні мұнда қазақ тілі және орыс тілінде оқытатын  екі топ бар. Мамандардың сөзінше мектепке дейінгі білім беру мекемесі таңғы сағат 8-ден кешкі 18:30-ға дейін жұмыс істемек.

ИРИНА АРЕДАКОВА, «БАТЫР» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ :

- Бөбекжай-бақшамызға келетін балақайлардың жасы 2-ден 3 жасқа  дейін. 44 баланың барлығы да «Индиго» автоматтандырылған жүйедегі кезекке сәйкес біздің мекемеге жолдама алды. Алғашқы аптада сәбилер бейімделуден өту үшін біз түске дейін жұмыс істейміз.

Бөбекжайда 22 адам еңбек етеді. Соның 11-і тәрбиеші. Балалармен педагог-психолог және музыкалық жетекші жұмыс істемек. Жалпы бұл Петропавлдағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан 2-ші мектепке дейінгі білім беру мекемесі.

САЙРАН ИСПАНДИЯРОВАғ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ  СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

-  2019 жылы дәл осындай балабақша алғаш рет Жабаев көшесі 80-ші үйде ашылды. Әрине, мұндай бөбекжайларың ашылып жатқанына ең алдымен ата-аналар өте қатты қуанды. Себебі, көбі өз үйлерінің жанында мектепке дейін білім беру мекемелерінің болғанн қалайды. Болашақта көп қабатты үйлердің төменгі қабаттарында дәл осындай мекемелердің санын көбейту жоспарда бар.

Тұрғын үйдің бірінші қабатында балабақша-бөбекжай ашу үшін бюджеттен 4 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген.

Майгүл Сейілбек, 

 

Тақырып бойынша материалдар

БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
17:19, 17 мамыр 2021
БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
Толығырақ...
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
13:02, 17 мамыр 2021
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...