ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА ЕКІ КҮНГЕ СУ БЕРУ ТОҚТАТЫЛАДЫ

17:20, 14 қыркүйек 2021

Петропавлды сумен қамтамасыз ететін «Қызылжар су» ЖШС сумен жабдықтау желіcін дезинфекциялау және жуып-шаю үшін 18-19 қыркүйекте су беруді тоқтатады. Бұл күндері құбырдан немесе сырттағы құдықтан суды алып пайдалануға және тамақ әзірлеуге болмайды.

 Бұл дәстүрлі профилактикалық жұмыс.  Бір жылдың ішінде су құбырларындағы микробиология көрсеткіші өседі, салдарынан су сапасы нашарлайды. Сондықтан, аталған шара адам өмірінің қауіпсіздігі үшін қажет.

АРМАН САУЫТОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

  • Бұл мәселені шешу үшін біз су құбыры желілерін жуып-шайып, зарарсыздандырамыз. Су беруді сенбі 18 қыркүйек күні сағат 00.00-де тоқтатуды жоспарладық. Ал дезинфекция мен жуып-шаюды сол күні сағат 22.00-де бастаймыз. Сол себепті алдын ала жеткілікті мөлшерде су құйып алуды сұраймыз. Өйткені бұл кезде кранның суын пайдалануға болмайды. Суды зарарсыздандыру жұмыстары жексенбі аяқталады. Жексенбі күні су беріледі, бірақ ол хлорланған су, сондықтан шамамен сейсенбіге дейін бұл суды ішпей, асқа қолданбағаныңыз жөн. Уақытша ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз және оған түсіністікпен қарайсыздар деп сенеміз.

 

Тақырып бойынша материалдар

СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
17:18, 24 қыркүйек 2021
СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
20:46, 23 қыркүйек 2021
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...