ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА «КӨРПЕFEST-2022» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ

20:35, 5 мамыр 2022

Петропавлда «КөрпеFest – 2022» халықаралық фестивалі өз мәресіне жетті. 3 күнге созылған іс-шараға 100-ден астам тігінші қыз-келіншектер қатысты.Оларға белгілі этнодизайнер Ырза Тұрсынзада шеберлік сағатын өткізіп, білген-түйгенін үйретті. Шараның жабылу салтанатында 20 тігіншіге облыс әкімінің атынан тігін машиналар табыс етілді.

 «КӨРПЕFEST-2022» халықаралық фестивалінің жабылу салтанатына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, үш күн бойы жасаған қыз-келіншектердің жұмыстарын көрді. Облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов Құмар Іргебайұлының атынан  фестивальді ұйымдастырушы этнодизайнер Ырза Тұрсынзадаға рахметін айтып, алғыс хат және естелік сыйлықпен марапаттады және фестивальге қатысқан әйелдер қауымының істеріне сәттілік тіледі.

Люфт: ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Фестивальдің бас кейіпкері этнодизайнер Ырза Тұрсынзадаға 3 күн бойы мастер-класс үшін алғысымды білдіремін. Көпбалалы және... бастаған істеріңізге сәттілік тілеймін.

 Үш күндік «Көрпефест» фестиваліне қатысқан Жайнагүл Темірханова тігумен 3 жыл айналысады. Осы уақытқа дейін ол 150-ге жуық көрпе тіккен. Сонымен қатар, келіншек тоқымамен де айналысады. Бұған дейін де Жайнагүл Маралқызы Нұр-Сұлтан қаласында өткен шеберлік-сағаттарға қатысыпты.

 ЖАЙНАГҮЛ ТЕМІРХАНОВА, ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ:

- Әрқайсымыз бір-бір бұйымнан тігіп, астында көрмеге қойдық. Сондай ақ өзімнің бұрыңғы еңбектерім 4 көрпе және жастық әкеліп, көрмеге қойдым. жастық тіктім ол кісіінң мк-сы бойынша «шешен құрақ» деп аталады. Жалпы, тігінге дейін мен өзім тоқымамен де айналыстым. Көбіне қуыршақтар тоқитынмын. Орайы келіп, аанма деп көрпе тігіп көрейін деп... содан бері үш жыл болды.

«КӨРПЕФЕСТ-2022» мега фестивалінің жабылу салтанатында ұйымдастырушылар облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, 20 қатысушыға тігін машинасын сыйға тарту етті. Жалпы, өткізіліп жатқан фестивальдің мақсаты – үйде отырған аналардың басын біріктіріп, шығармашылық тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық қолөнерді дамыту.

ЫРЗА ТҰРСЫНЗАДА, ЭТНОДИЗАЙНЕР, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 Бұл фестивальді өңірге жеткізіп, қолдау көрсеткен обылс әкіміне алғысымызды айтамыз. үйде оытрған аналардың...алаң керек. бұл дүниенің сапасы мінсіз боулы керек, одан кйеін ең алдымен ғасырлар бойы апаларымыздың жеткен... белгілі дәстүрге арналады

 Айта кету керек, жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының төрағасы бірнеше қатысушыларға өңіріміздің кәсіпорындарына жұмысқа орналасуға арналған атаулы сертификаттарды табыс етті. Ал қай қатысушы ие болатынын этнодизайнер өзі шешетін болады. СОнымен қатар, жиын соңында фестивальге қатысқан әр қыз-келіншектерге сертификаттар берілді.

 

Айгерім Құсайынова

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...