ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА «КӨРПЕFEST-2022» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

20:32, 3 мамыр 2022

Петропавлда «КөрпеFest – 2022» халықаралық фестивалі басталды. 3 күнге созылатын іс-шараға 100-ден астам тігінші қатысып жатыр. Оларға белгілі этнодизайнер Ырза Тұрсынзада шеберлік сағатын өткізіп, білген-түйгенін үйретпек. Тегін курс соңында көзге түскендерге бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

 Тігін машинасын алдына алып, қаз-қатар тізілген мына қыз-келіншектердің бірі - бүгіндері өз бизнесін дөңгелетіп, табыс тауып отырған болса,  енді бірі бүгін алғаш рет қолына ине алмақ. Олардың басын қазақтың ұлттық қолөнеріне деген сүйіспеншілік пен оны әрі қарай да дамыта түсу идеясы біріктіріп отыр. Мұны шараның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов та тілге тиек етті.

 ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Көрпе фест» қолөнерді дамыту ғана емес, сонымен қатар экономикалық маңызы да зор. Бұл өз кәсібіңізді ашып, үйде табыс табуға септеседі. Сондықтан бұл шара сіздер үшін пайдалы деп ойлаймын.

 Жиналғандар атақты этнодизайнер Ырза Тұрсынзададан дәріс алады. Қолөнер шебері құрғақ теорияны ғана беріп қоймай, практикаға баса назар аударады. Бір сөзбен айтқанда, фестивальға қатысушылар 3 күн бойы ұлттық өнерден сусындамақ.

 ЫРЗА ТҰРСЫНЗАДА, ЭТНОДИЗАЙНЕР, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- Бұл біздің ғасырлар бойы қалыптасқан көне мәдениетіміз. Соны жаңғыртып осы заманға ілестіру. Бүкіл өңірлерде осыны жасап келе жатырмын. Қазіргі күні көптеген қыз-келіншектер осы сапасы да, бағасы да жақсы қолөнер бұйымдарын жасауда. 3 күнде жасаған дүниемізді сатылым алаңына шығарамыз. Сол жерде қыздарымыздың жаңа дүниесін көресіздер.

 Шеберлік сағатын 8 жасар Жаннұр Дүйсен де өткізбек. «Шеше көрген тон пішер» демекші, ол 5 жасынан анасымен бірге құрақ көрпе тігіп, қыз жасауын дайындайды екен. Елордалық бүлдіршін жұмсақ ойыншықтар да тігеді, бүгін үйренген-білгенін басқалармен бөліспек.  

ЖАННҰР ДҮЙСЕН, ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ:

-5  жасымнан тігуді үйрендім. 6 жасымда құрақ көрпені тіге беретін болдым. 7 жасымда доп тіге бастадым. Кейін қыз жасауын жасаймын.

 12 жылдан бері қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын тігіп жүрген Әсемгүл Бейсекеева да бүгінгі шараға қатысушылар қатарында. Жаңашылдыққа жаны құмар ол осы фестивальде көп нәрсе үйренетініне кәміл сенімді.

ӘСЕМГҮЛ БЕЙСЕКЕЕВА, ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ, АЙЫРТАУ АУДАНЫ:

Мен осы фестивальде құрақ көрпенің түр-түрін үйреніп жатырмын. Материал таңдауға дейін үйретіп жатыр.

 Жалпы іс-шараға облысымыздан бөлек, көрші Ресейдің Омбы-Түмен өңірлерінен де қыз-келіншектер келген. Тегін курс соңында көзге түскен жандарға бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Ал фестивальдің үшінші күні қорытынды ретінде көрме-жәрмеңке өтпек.

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...