ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

17:15, 14 маусым 2022

Петропавлда жылына 10 мың тонна ет өндіретін құс фабрикасының құрылысы басталды. Жоба құны – 2,5 млрд теңге. Бұл кәсіпорын өңіріміздің қажеттілігін толығымен жаппақ. Бұл туралы нысанға барып, атқарылған шаруаны көріп қайтқан аймақ басшысы Құмар Ақсақалов мәлім етті. Сюжетке назар аударайық.

 Бір кездері бос тұрған жерде қазір жұмыс қызған. Ауыр техника құс фабрикасына бөлінген 24,5 гектар жерді тазартып, дайындап жатыр. Біртіндеп құрылыс материалдары да әкеліну үстінде.

ИГОРЬ ТИЩЕНКО, «ПЕТРОПАВЛ БРОЙЛЕРІ» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

- Бұл жерде 24 корпус салынады. Инкубатор, союға арналған цех сынды ғимараттар болады. Құрылыс жұмыстары екі жылға жалғасады. Биыл күзде бірқатар нысандардағы жұмысты аяқтап, алғашқы  балапандарды әкелмекшіміз. Жоба құны – 2,5 млрд теңгені құрайды. Қаржының жартысы өзіміздікі болса, қалғанын банктен несиеге алдық. Фабрика іске қосылғанда 100-ге жуық адам екі қолға бір күрекпен қамтылады.

Ал кәсіпорын толық қуатына көшкенде жылына 10 мың тонна құс еті өндіріледі. Сұраныс бар, сондықтан бұл жоба өңіріміз үшін маңызды деді мұндағы жұмыстармен танысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

 ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Өңірдің құс етіне деген қажеттілігі 8,5 мың тоннаны құрайды. Ал облыста қазір тек 1 ғана фабрика жұмыс істеп тұр. Оның өзі жылына тек 2,5 мың тонна ғана өндіреді. Ол жеткіліксіз. Сондықтан күзге қарай Аралағаш пен Новокаменка елді мекендерінде тағы 2 нысан іске қосылады. Олардың өзі сұранысты қамтамасыз етпейді. Ал келер жылы бұл кәсіпорын ашылғанда құс етін тіпті, экспорттауға мүмкіндік туады.

Аймақ басшысы сондай-ақ кәсіпорынға су және кәріздік желілерді тарту үшін көмек көрсетілетіндігін жеткізді. 

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар