ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА ЛИМОН АҒАШЫ ЖЕМІС БЕРДІ

20:44, 14 қаңтар 2022

Петропавлдағы ботаникалық бақтағы лимон ағашы  жеміс беріп жатыр. Тропикалық өсімдік былтыр қыркүйек айында гүлдеп, түйін салған еді. Бүгінде кубалық лимонның біреуінің салмағы жарты келіге дейін жетеді.

Бір ғасырлық тарихы бар ботаникалық бақта сирек кездесетін 2 мыңға жуық өсімдік жайқалып өсіп тұр. Соның бірі- лимон ағашы. Отаны Куба саналатын жеміс түрі биыл да мол өнім берді. Ботаникалық бақтың директоры Артур Рязаповтың айтуынша әр лимонның орташы салмағы- 500-600 грамм. Ал былтырлары жемісінің әрқайсы 1 келіге дейін жетіпті.

АРТУР РЯЗАПОВ, БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  «Бұл лимон ағашы жылына 4 рет гүлдейді. Бірақ, күзгі гүлдегенінің жемісі ірі боп келеді. Ал мынау тропикалық ағаш қыркүйек айында бүршік жарды. желтосқан айының аяғында жеміс берді. Сырты қалың, ал дәмі қышқыл болады. Әсіресе, денсаулыққа өте пайдалы.»

Бүгінде бақта 10-12 лимон ағашы өседі. Бұл ерекше күтімді қажет ететін өсімдік дейді мамандар. Бақ қызметкерлері оны аптасына бір мәрте мол етіп суарады. Ал қыста орташа температура 20-22 градус шамасында болуы тиіс.

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:

 - Бұл кубалық лимон ағашы ботаникалық баққа осыдан шамамен 60 жыл бұрын әкелінген. Ал алғаш рет өз жемісін 80 жылдары бере бастапты. Міне содан бері аталған жеміс түрі пісіп жетіліп отырады. 

Оны Артур Рязаповтың әкесі Равиль Рязаповке сол кездегі Кубаның ауыл шаруашылығы министрі Рауль Кастро сыйлаған екен. Ботаникалық бақта одан бөлек, мандарин, ананас, банан және анар секілді жеміс ағаштары тамырын тереңге жайған.  

АРТУР РЯЗАПОВ, БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

«Бұл мандарин ағашы. Оны әкем 1960 жылы Санкт-Петербор қаласынан әкелді. Өткен жылы мандарин жылдағыдан көп өнім берген еді. Биыл да жақсы жеміс береді деп күтіп отырмыз.»

Былтыр Вьетнамнан әкелінген банан алғаш рет гүлдеді. Биыл ол жетіліп, жеміс беруге жақын тұр.

Нұрбол Балғабеков

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АСПАЛЫ КРАНДЫ БАҒЫНДЫРҒАН 59 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ
20:44, 24 қаңтар 2022
АСПАЛЫ КРАНДЫ БАҒЫНДЫРҒАН 59 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ
Толығырақ...
ЕҢ ТӨМЕНГІ ЕҢБЕКАҚЫ 60 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
17:21, 24 қаңтар 2022
ЕҢ ТӨМЕНГІ ЕҢБЕКАҚЫ 60 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...