ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

13:03, 11 маусым 2021

Солтүстік Қазақстан облысы майлы дақылдар өндірісі бойынша республикада алдыңғы қатарда келеді. Жыл сайын 1 миллион гектар алқапқа зығыр, рапс, күнбағыс егіледі. Бұл - елдегі барлық алқаптардың үштен бірін құрайды. Енді майлы дақылдарды өңдеумен айналысатын кез келді. Петропавлда 370 мың тонна майды экстракциялайтын зауыттың құрылысы басталды. Жұмыстың атқарылу барысын өңір басшысы Құмар Ақсақалов көрді.

Өңірде жалпы қуаты 491 мың тоннаны құрайтын майлы дақылдарды өңдейтін 3 кәсіпорын бар. Алайда бұл- жеткіліксіз. «Маслодел» серіктестігі Петропавлда 370 мың тонна майды экстрациялайтын зауыттың құрылысын бастады. Жоба құны-  15 миллиард теңгеден асып жығылады. 

 ПАВЕЛ СЕЛИВАНОВ, «МАСЛОДЕЛ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біз әрдайым ең озық деген қондырғыларды сатып аламыз. Ғ.Мүсірепов ауданында осыған ұқсақ тәулігіне 400 тонна майлы дақылдарды өңдейтін зауыт бар. Сондықтан бұл жоба біз үшін жаңалық емес. Біз тек кеңейіп жатырмыз. Жаңа зауытты салу үшін 15 гектар жер телімі бөлінді. Аталған кәсіпорында жаңадан 200 жұмыс орны ашылады.

Айта кетейік, жаңа зауыт тәулігіне 1,2 мың тонна майлы дақылдарды өңдей алады. Бұл- рапс, зығыр және күнбағыс. Кәсіпорында жемшөп қоспалары да шығарылатын болады. Бір сөзбен айтқанда бұл қалдықсыз өндіріс.

 ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біздің өңірде жыл сайын 1 миллион гектар алқапқа майлы дақылдар егіледі. Бұл- жоғары табысты бизнес деуге болады. Сондықтан қазіргі таңда облыстың аграрийлері жаппай аталған өнімді отырғыза бастады. Енді майлы дақылдарды өңдемен айналысуымыз керек. «Маслодел» серіктестігінің жаңа жобасы өзгеріс жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.  Инвесторға жобаны жүзеге асыруда барлық көмек көрсетілді. 

Зауыттың құрылысы 2023 жылы аяқталады.

Нұрбол Балғабеков

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
17:20, 11 маусым 2021
2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...