ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА "МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ ӨТТІ

13:00, 22 маусым 2022

 Петропавлда «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңі өтті. Үздік болып Шамшудиновтер және Мухиндер отбасы танылды. Жалпы дәстүрлі байқауға қатысуға биыл 20 отбасы өтінім білдірген еді.

«Мерейлі отбасы» қалалық байқауының жеңіпаздары анықталды. Отбасылық байқауда бақтарын сынап әрі үздік атанған жанұялардың бірі - Шамшудиновтер. Бүгінгі марапаттау сәтіне отбасының отағасы ғана қатыса алды. Ринат Шамшудинов жарымен бірге 3 жыл бұрын шаңырақ көтерген. Бүгінде 2 бала тәрбиелеп отыр.

РИНАТ ШАМШУДИНОВ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Мен бұл конкурс жайында жұмыста білдім. Неге қатысып көрмеске деп ойландым. Қатысқаныма еш өкінбеймін. Ұлым - менің мақтанышым. Соның жетістіктерін паш еттік. Енді алдағы облыстық кезеңге дайындалуымыз қажет.

Мамырдың 15-інен бастап бір ай көлемінде өткен байқауға қатысуға 20-ға жуық отбасы өтінім берген. Арасынан алтауы іріктеліп алынған. Іріктеуден өткізген комиссия 13 адамнан тұрады. Таңдау барысында отбасының жетістіктері ескеріліпті.
Бүгін үлгілі отбасылардың барлығына арнайы сыйлықтар табыс етілді. Ал үздіктеріне сертификат пен ақшалай сыйлық тарту етілді.

АЗАТ ИБРАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Отан отбасыдан басталады. Бала тәрбиесіне ерекше мән беретін отбасыдан ел игілігі үшін қызмет ететін адал адам өсіп шығады. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында осындай байқауларды жиі ұйымдастырып тұрған абзал. Сайыстың қорытындысы бойынша екі жанұя облыстық кезеңге өтті. Олардың әрқайсысына 100 мың теңгелік сертификаттан табыс еттік. Қалған 4 отбасы алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапатталды.

"Мерейлі отбасы" байқауының облыстық кезеңі осы жазда өтеді. Оған қалалық кезеңде үздік атанған Шамшудиновтер мен Мухиндер отбасылары қатысады.

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰЛЕКЕ БАТЫР» ТАРИХИ ДРАМАСЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
13:03, 5 шілде 2022
«ҚҰЛЕКЕ БАТЫР» ТАРИХИ ДРАМАСЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Толығырақ...
БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВ КІТАПХАНАҒА СЫЙ ЖАСАДЫ
20:42, 4 шілде 2022
БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВ КІТАПХАНАҒА СЫЙ ЖАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...