ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

17:17, 4 мамыр 2021

Петропавлда Есіл өзенінің тасуынан саяжай учаскелерін су басып, тұрғындар зардап шекті. Сол себепті «Қызыл ай» қайырымдылық корының қолдауымен ұйымдастырылған шарада басты серіктестікке айналған Fortebank және Болат Өтемұратовтың қоры Солтүстік Қазақстан облысының 861 тұрғынына 43 миллион теңге қаржылай көмек көрсетті. Жалпы шара «Көмек картасы» жобасы аясында ұйымдастырылды. Арна тілшісі баяндасын.

«Қызыл ай» қайырымдылық қоры  қиын жағдайға ұшыраған адамдарға гуманитарлық көмек және әлеуметтік қолдау көрсетеді. Биылғы көктемгі  су тақыны кезінде саяжайлары суда қалғандарға «Қызыл ай» қайырымдылық қоры көмек көрсетеді. Яғни отбасының әр мүшесіне  50 мың теңге берілді. Ол - 224 отбасы. Көмекті- әлеуметтік осал топтар санатындағы азаматтар алды.  Ол дегеніміз- жалғызбасты зейнеткерлер, аз қамтылған, көп балалы отбасылар, мүгедектер және басқалары.

ӘЛІШЕР АСЫЛБЕКОВ, ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТУ  МАМАНЫ:

- Әр адам ақшаны нақты неге жұмсау керегін өзі шешеді. Бірақ, әдетте, адамдар азық-түлік өнімдерін сатып алады. Немесе баспаналарын жөндеуге жұмсайды.

Тамара Кукушкина Петропавл тұрғыны. Ол қаржылай көмекті баспанасын жөндеуге жұмсамақ.

ТАМАРА КУКУШКИНА ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Бұл қорға рахметімді айтқым келеді. Негізінде мұндай оқыс жағдайларды болдырмас үшін жергілікті билік алдын ала іс шара қолдану керек еді.

Ұлбосын Сейтхан Қызылорда қаласының тумасы. М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің 3 курс студенті. Ол қатарластарымен бірге адамдарға көмек беріп, волонтер болып жүр.  

 ҰЛБОЛСЫН СЕЙІТХАН , ВОЛОНТЕР:

- Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысынының Қызыл ай филиалының еріктімін. Қазір бізде бірнеше студенттер осы жақта ерікті. Және біз адамдарға көмектесу арқылы яғни осы карантиге байланысты дистанция сақтауды, маска киюді солай ескертіп жатырмыз.

«Көмек картасы» деп аталатын қайырымдылық жоба 2018 жылдан бастап сәтті жүзеге асырылып келеді. Айта кетсек, былтыр су тасқынынан зардап шеккендерге 39 миллион теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілді.200 ге жуық тұрғын жәрдемақы алды. Осы айдың басында Болат Өтемұратовтың қоры мен Қазақстанның Қызыл ай қайырымдылық қоры  Қостанай облысы Қарасу ауданының зардап шеккен 200 тұрғынына 10 миллион теңге көлемінде көмек көрсетті.

Баян ҚАСЫМ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
17:19, 17 мамыр 2021
БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
Толығырақ...
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
13:02, 17 мамыр 2021
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...