ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДЫҚТАР ЖОЛДЫҢ ЖАҒДАЙЫНА НАРАЗЫ

20:46, 18 қаңтар 2022

Облыс орталығы тұрғындары коммуналдық қызметтердің көшелерді тазарту жұмысын сынға алды. Сондай-ақ, құм себу жұмыстары да мардымсыз атқарылады. Салдарынан шаһар жолдарының беті мұзға айналған. Ал бұл өз кезегінде жаяу жүргіншілер мен автомобиль жүргізушілерінің қозғалысын қиындатады. Оның себебі неде? Бұл сұрақтың жауабын әріптесім Нұрбол Балғабеков іздеп көрді.

Облыс орталығының шеткері аудандары түгіл, орталық көшелерінің жағдайы мәз емес. Петропавлдықтардың пікірі осындай. Қазақстан Конституциясы көшесі бойындағы туотуар тазартылғанымен, құм мүлдем себілмепті. Бұл көшемен өтудің  өзі біраз қиындық тудырады.

- «Құм себілмейді. Ауруханадан осында жеткенше дейін құлап қала жаздадым. Сондықтан абайлап жүрмесе болмайды.»

- «Қар тазаланып жатыр. Бірақ, айнала көктайғақ. Құм сепсе жақсы болатын еді.»

- «Вообще плохо дороги убирают. Пешеходам и автомобилям вообще плохо. Вот эти вот «шишки» людям не сойти ничего – оно покатое везде обрывистое, скользко. Плохо. Очень плохо!»

Жолдың жағдайына көлік жүргізушілер де наразы. Көктайғақтан бөлек, жол шетіндегі үйінділер қолайсыздық тудырады дейді олар. Жиналған қар қозғалысқа кедергі келтіреді. 

-«Жол дұрыс тазаланбайды. Ауладан шықсаң, қар үйіліп тұрады. Соны күреп тастауға болады ғой.»

«Соңғы екі күнде жағдай дұрысталып келе жатқан секілді. Бұған дейін мүлдем қиын болды. Жол мұз, ал қар шығарылмайды.» 

-«Чистят. По сравнению с тем, что было раньше – сейчас намного лучше. Гололед есть местами

 Осы сұраққа қатысты біз қалалық әкімдіктегілерден сұхбат алған едік. Олардың жауабы мынау:

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

«Қаңтар айының басында бізде қаланың жаяу жүргінші жолдарда құм-тұз қоспасын себу бойынша жұмыстар дұрыс атқарылмаған болатын. Сол себепті бізде «Коммунхоз» ЖШС қатысты хат жолданды. Егер де әрі қарай дұрыс істелмесе онда бұл  мердігерлермен келісім-шарт тоқтайтын болады.»

Бүгінгі таңда облыс орталығы 8 бағытқа бөлінген. Көшелерді қардан тазартуға күн сайын 150 техника шығады. Жұмыстар түнгі оннан таңғы беске дейін жүргізіледі.

Нұрбол Балғабеков

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:35, 30 маусым 2022
ОБЛЫС ӘКІМІ ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...