ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДЫҢ 104 ТҰРҒЫНЫ ЖАҢАДАН КӘСІП МЕҢГЕРІП ЖАТЫР

20:42, 6 сәуір 2021

Петропавлда еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кәсіптер «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында оқытылады. Қазір облыс орталығының 104 тұрғыны қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтіп жатыр. Олар 3 айдың ішінде электр дәнекерлеуші, сылаушы, тас қалаушы, аспаз, омарташы сияқты мамандықтардың қыр-сырын біліп шығады. Жаңа кәсіпті меңгеріп жүргендердің қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар да баршылық. Тақырыпты әріптесім Майгүл Сейілбек тарқатсын.

Руслан Әбілмажынның жасы 33-те. Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-ді финансист-банк ісі мамандығы бойынша тәмамдаған. Бірнеше жыл бойы қаржы саласында еңбектенген. Алайда, қағаз бастылықтан шаршап өз өмірін түбегейлі өзгертуді шешкен. Халықты жұмыспен қамту орталығында ол құрылысшылар даярлайтын қысқа мерзімді курс жайында біледі. Ққұжаттарын тапсырған Руслан Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде газэлектрдәнекерлеуші ісін меңгеріп жатыр.

РУСЛАН ӘБІЛМАЖЫН, КУРСТАН ӨТУШІ:

- Жоғары білімім бар, қаржыгермін. Алайда бұл салада жұмыс істей алмадым. Біраз уақыт бойы қатты қиналдым, өз орнымды тапқым келді. Сөйтіп газэлектрдәнекерлеуші мамандығын тандадым. Қазіргі таңда біз теория түрінде білім алудамыз. Әрине, бұл кәсіп қызық. Өз қолыммен темірден зат жасаймын. Бұл қазір сұранысқа ие мамандық, құрылысқа да, зауыттарға да керек. Не болмаса өз кәсібіңді ашуға болады.

Біліктілікті арттыру курстарынан мүмкіндігі шектеулі 10 АДАМ ДА ӨТІП жатыр. Солардың бірі - 19 жастағы Нұрлыбек Қайырбеков. Жас жігіт ағаш ұстасы болып шығады. Болашақта өзінің цехін ашып, тұрғындардың сұранысын өтемек.

НҰРЛЫБЕК ҚАЙЫРБЕКОВ, КУРСТАН ӨТУШІ:

- 2 жыл бұрын досымнан осындай курстан өтуге болатыны жайлы білдім. Ол кезде мектепте оқып жүргендіктен мүмкіндігім болмады. Қазіргі таңда біз цехте ағаш кесіп, есік, шкаф, сөре секілді заттар жасап жүрміз. Ұстаздар мен үлкен ағаларым маған көмек көрсетіп, білгендерін үйретуде. 3 ай өткен соң цех ашып, тұрғындардың тапсырысын орындаймын деген ниетім бар.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту 3 айға созылады. 1 ай теория қалған 2 айы тәжірибе жүзінде өтпек. Жалпы жұмыспен қамту орталығы мамандарының сөзінше өткен жылы курстан 250 адам өтсе, биыл 317 адамды оқыту жоспарланған.  

ГҮЛМИРА ЫСМАИЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:

- Оқыту тегін, сонымен қатар, курстан өтушілер 21 мың 787 теңге көлемінде шәкіртақы алады. Таңдаған кәсіптеріне орай Петропавл құрылыс-экономикалық, гуманитарлық-техникалық, кәсіпктік-педагогикалық және Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжіне жіберіледі. 3 айлық қайта оқытудан кейін бағдарламаға қатысушыларға  мемлекеттік үлгідегі куәліктер беріледі.

Жұмыспен қамту орталығы траткоршы, электрик, дәнекерлеуші және омарташы секілді мамандарды даярлау үшін құжаттарды қабылдауды бастады. Оқыту курсынан өткен азаматтар одан әрі жұмысқа орналастырылады.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРҒА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
20:37, 19 сәуір 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРҒА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТАРИФІН 12 ПАЙЫЗҒА КӨТЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:35, 19 сәуір 2021
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТАРИФІН 12 ПАЙЫЗҒА КӨТЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...