Петропавл әкімі Болат Жұмабеков пәтер иелері кооперативтері төрағаларымен zoom платформасында кездесу өткізді. Мақсат – облыс орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлерге қатысты мәселелерді білу. Кездесу барысында тұрғын үйлердің өкілдері балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын салу жайында, шлагбаумдар қою, қосымша бейнебақылау камераларын орнату, автотұрақ орындарын ашу, апатты ағаштар кесу және қоқыс жәшіктеріне арналған орындарды ретке келтіру сияқты бірқатар мәселені көтерді.
Қала әкімі абаттандыру бойынша жұмыстарды көруге және қадағалауға мүмкіндік беретін кезектілік бар екендігін еске салды. Сонымен қатар мұндай кезек, жақында шлагбаумдарды орнату барысында да қолданылады. Жалпы биыл балалар алаңдарын орнату бойынша көпфункционалды жобалалар жүзеге асады. Ойын алаңының жобасы әр түрлі жас топтарын қамтитын болады. Келесі кездесуді қала әкімі жаңа Жас Өркен шағын ауданының пәтер иелері кооперативтері төрағаларымен өткізуді жоспарланып отыр.