ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

13:00, 13 маусым 2022

Қазақстан Полициясының 30 жылдығына орай СҚО ПД-де ашық есік күні өтті. Шараға қатысқан Петропавл тұрғындары тәртіп сақшылары күнделікті жұмыста қолданатын құрал-жабдықтармен және арнайы техникамен танысты. Сондай-ақ бұл күні білікті мамандар жерлестеріміздің сұрақтарына жауап беріп, әскери оркестр кішігірім концерт қойды.

1991-ші жылы еліміз егемендікке қол жеткізгеннен соң 1992-ші жылдың 23-ші маусымында «ҚР ішкі істер органдары туралы» Заңы қабылданды. Бұл Тәуелсіз мемлекет полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акті болды. Бүгінде полиция қызметі-қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін аса маңызды құрылымның біріне айналды.Тәртіп сақшыларының кәсіби біліктілігі мен сертіне беріктігінің арқасында қоғамда тұрақтылық қалыптасты.

СӘУЛЕ АНДАҒҰЛОВА, СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазақстан Полициясының 30 жылдығы қарсаңында бүгін Департаментте ашық есік күні өтіп жатыр. Іс-шара барысында тұрғындар түрлі ведомстволардың жұмысымен, материалдық технкиалық базамен таныса алады. Сондай-ақ музейге барып, Ішкі істер органдарының құрылу тарихы туралы мағлұмат алады.

Ашық есік күніне ішкі істер органдарының ардагерлері де қатысты. Солардың бірі - аталмыз салада 20 жылдан аса уақыт бойы еңбектенген Орал Бекетаев. Полицияға 22 жасында келген ол ең алдымен учаскелік инспектор болып еңбектенген. Кейін қылмыстық іздестіру, жедел кезекші лаузамдарында жұмыс істеді. 1991-ші жылы зейнет демалысына шығып, енді тәжірибесімен жастармен бөлісіп келеді.

ОРАЛ БЕКЕТАЕВ, ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

- Біздің істеген уақытпен жер мен көктей.Біз істегенде кісілер мұндай бомлайтын.Бізді сыйлайтын.Штатта 50-60 кісі болатын.Аз едік. Қазір көп. Бәрі өзгеріп жатыр бүгін. Жаңа заңдар шығып жатыр. Бізде ескі амшина газ51 болатын.сонымен салдыр-гүлдір жүретінбіз.

Келушілер тәртіп сақшыларының жұмыс кезінде қолданатын құралдарымен танысып, қызметтік көліктеріне отырып көрді. Әсіресе, балабақша тәрбиеленушілері көрмеден жақсы әсер алды.

- Маған қызметтік көліктер қатты ұнады. Әсіресе гранотомет пен пулемет. Ер жеткенде полицияда жұмыс істеймін.

- АК-74 Калашников автоматы ұнады. Өскенде менде мына ағалар секілді елім мен халқымды қорғағым келеді.

Жалпы Қазақстан Полициясының 30 жылдығына орай департамент мамандары басқа да іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар