Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында полиция департаменті музейінің жылжымалы көрмесі салтанатты ашылды. Көрермен назарына өңірдің ішкі істер органдарының қалыптасу тарихы туралы баяндайтын түрлі материал ұсынылған. Көрме Қазақстан полициясының 30 жылдығына орайластырылды. Әріптесім дайындаған сюжетке назар аударайық.
Көрмеге қойылған кітаптардың ішінде "Жеңіс жолымен" атты шығарма ерекше маңызға ие. Онда өңірдің ішкі істер органдарында қызмет еткен ҰОС ардагерлері туралы мәліметтер жинақталған. Екі үлкен форматты буклетте полицейлердің күнделікті жұмысына арналған 1970 жылдардағы фотосуреттері де қойылған.
АБЫЛҒАЗЫ ҒАБДУЛЛИН, СҚО ПД КАДР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Жылжымалы көрмеде қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлер туралы да мол ақпарат бар. Бұл күні полиция департаментінің музейін дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар солтүстікқазақстандық алғыс хаттармен марапатталды.
ЛЮБОВЬ ОСИНСКАЯ, СҚО ПД МУЗЕЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
- Біздің музейдің қоры үнемі толықтырылып отырады, егер мұражайдың 30 жылдығына көрермен назарына 3 мың экспонат ұсынылса, 3 жылдан кейін саны 4 мыңға жетті. Ардагерлер мен қызметкерлеріміздің туыстары музейді түрлі жәдігерлермен толықтырып тұрады.
Облыстық полиция департаментінің музейі ведомстволық мұражайлар арасында үздік деп танылған. Жылжымалы көрме өлкетану музейінде 23 маусым - қазақстандық Полиция күніне дейін жұмыс істемек.