ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

«POP-IT» ОЙЫНШЫҒЫ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН БА?

20:48, 10 маусым 2021

«Лол» қуыршақтары, слайм, спинер. Бір кезде танымал болған бұл ойыншықтардың орнын қазір «POP-IT» басты. Аты да, заты да бізге жат болғанымен балалар арасында сұранысқа ие. Алайда, олар денсаулыққа қаншалықты қауіпсіз?  Арна тілшілері әзірлеген бейнесюжеттен білелік.

Мұндай түрлі-түсті, антистрес ойыншықтың бағасы дүкен сөрелерінде 1500 теңгеден басталады. Пішіні әртүрлі. Балалар арасында өте танымал бұл ермек көбіне әлеуметтік желілерде видео түсіріп, оқырмандардың санын көбейту үшін пайдаланылады. 11 жастағы Ульяна Мартынова өзіне «Поп итті» сатып алғысы жоқ, себебі ата-анасының ақшасын пайдасыз дүниеге жұмсағысы келемейді. Алайда, құрбыларының барлығында да бұл ойыншық болғандықтан, анда-санда ойнап тұрады.

УЛЬЯНА МАРТЫНОВА, ОҚУШЫ:

- «POP-IT» Тик-Ток әлеуметтік желісінің арқасында танымалдыққа ие болды. Бүгінгі күні оны кез-келген дүкеннен сатып алуға болады. Ойнаған кезде біз мына дөңгелек тетіктерді басамыз, олар ішке не сыртқа шығады. Мен оны құрбыларыммен кездескенде ғана қолыма аламын.  

Ал, 13 жастағы Полина Бойконың сөзінше кемпірқосақ түстес ойыншық барлық достарында болғасын ол да қатты қызыққан. Сөйтіп туған күніне өзіне сыйлық ретінде сатып алған. Алайда оның қызығы жарты сағатқа ғана жетіпті.

ПОЛИНА БОЙКО, ОҚУШЫ:

- Бұл ойыншықты сатып алған соң достарымда оның бірнеше данасы бар екенін көрдім. Сөйтіп өзім «Поп иттің» кішігірім үлгісі «Симпл-Димплді» осындай дәрінің қапшығынан жасадым. Бірақ шынымды айтсам қазіргі кезде олармен ойнау мүлдем қызық емес.

Психолог мамандардың сөзінше аталмыш ойыншықтарды ұзақ уақыт бойы ермек ету бала психикасына кері әсер етуі мүмкін. Яғни, даму, жетілудің орнына керісінше тежелу пайда болады. Мұны баланың кірпігін жиі қағып, көзін ашып-жапқанынан және шашын аузына сала беретіндігінен байқауға болады.

МАРИЯ СУСЛОВА, БАЛАЛАР ПСИХОЛОГЫ:

- Егер де бала «Поп итті» ұзақ уақыт бойы ермек етсе онда оның зейіні ауыспалы түрде болады. Бойында тұлғалық қасиет қалыптаспай, өсіп, дамуы тежеледі. Бұл ойыншықты ойнаудан  біртіндеп оған бағыныштылық туады. Тіпті бір қимылды қайталай беруді әдетке айналдырып, осылайша депрессия тууы мүмкін.

Мамандар ата-аналарға «поп-ит», «симпл-димпл» ойыншықтарын  балаға сатып алғаннан гөрі оны таза ауаға шығарып, қыдыртуға кеңес береді.

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
17:20, 11 маусым 2021
2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...