Премьер-Министрдің қатысуымен облыс активінің кеңесі өтті. Жиын барысында Үкімет басшысы СҚО бәсекеге қабілетті ірі өндіруші және жеткізуші болуға барлық мүмкіндіктері мен әлеуеті бар өңір екенін атап өтті. Маңызды міндет - еңбек өнімділігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу. Осы шаралардың барлығы халық табысының өсуіне алып келуі тиіс.
Өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыстың 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Өңір инвесторлар үшін тартымды болып, инвестициялардың өсуін қамтамасыз етті. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп көрсеткіштері артты. Жыл сайын елімізде 35-ке жуық мал шаруашылығы кешені іске қосылатын болса, соның кемінде 10-ы СҚО-да жүзеге аспақ. 2021 жылы айлық еңбекақы орта есеппен 19% - ға өсті, зейнетақы қорына аударымдар да шамамен осыншаға артқан.